spot_img
Сенбі, Қазан 25, 2025
6.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
Агрономның еңбегі көзге көрінбесе де, әр дәннің түп тамырында оның қолтаңбасы бар. Асель Кабиденқызы Қорғалжын ауданында 1984 жылы дүниеге келген.
Еңбек жолын ол 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығында» ғылыми қызметкер ретінде бастаған. Сол кезден-ақ өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсібін сүйетінін көрсетті.
2008 жылдан бастап Асель Кабиденқызы Бурабай ауданындағы «Фитосанитарлық диагностика және болжамның республикалық әдістемелік орталығының» филиалына басшылық етті. Бұл қызметте жүріп, ол ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күрес, өсімдіктерді қорғау және жер құнарлылығын арттыру бағытында мол тәжірибе жинақтады.
Қазір ол «Burabay 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас агроном болып еңбек етеді.
«Асель Кабиденқызының жетекшілігімен шаруашылық тұрақты түрде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мысалы, 2024 жылы әр гектардан 20,7 центнер дәнді, 13,3 центнер майлы дақылдар алынған»,-деді әріптестері.
Асель өз жұмысында заманауи тәсілдер мен инновациялық технологияларды тиімді қолданады. Ол егіс науқандарын дұрыс жоспарлап, әрбір шаруашылық процесін ұқыпты ұйымдастырады. Нәтижесінде, шаруашылық тұрақты әрі табысты дамып отыр.
Бұдан бөлек, Асель Кабиденқызы жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөліседі. Әріптестері оны еңбекқор, адал және жауапты маман ретінде ерекше құрметтейді.
«Асель өз кәсібін жан-тәнімен сүйеді. Ол үшін ауыл шаруашылығы – жай ғана жұмыс емес, өмірінің мәні. Осындай ісіне берілген мамандардың арқасында еліміздің егін шаруашылығы алға басып, ауыл экономикасы дамуда»,-деп қуаныштарын жеткізді әріптестері.
Асель Ағзамова – еңбегімен, кәсібилігімен және адамгершілігімен көпке үлгі бола білген жан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында Республика күні аталып өтті

Көкшетауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 50-ден астам ақмолалық мемлекеттік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика