spot_img
Сенбі, Қазан 25, 2025
9.2 C
Kokshetau

️Мемлекет басшысы «Азаматтарды экономикалық патриотизм рухында тәрбиелеу – аса маңызды міндет»

Сондай-ақ...оқыңыз

«Жасанды интеллект дәуірінде жаңа салалар мен бизнес түрлері міндетті түрде пайда болады. Бұл ойлы, алғыр жастар үшін нағыз жарқырай көрінетін сәт. Мемлекет пен қоғам жас таланттарды қолдауы керек. Біз мұны міндетті түрде іске асырамыз.

Азаматтарды экономикалық патриотизм рухында тәрбиелеу – аса маңызды міндет. Басқаша айтқанда, кәсіпкерлеріміздің идеялары мен стартаптарына инвестиция құйып, олардың өнімін тұтыну арқылы отандық өндірушілерді қолдаған жөн. Халқымыздың ауызбіршілігі осыдан да көрінеді.

Қазір біздің ұлттық нышандарымыз, яғни брендтеріміз көбейіп келеді. Ұлттық өнім дегеніміз, бұл – ең алдымен, елімізді бүкіл әлемге паш ету деген сөз. Сондықтан «Made in Qazaqstan» таңбасы сапа мен сенім белгісі болуға тиіс.

Біздің тауарларымызға шетел азаматтарының қызығушылығы артып жатыр. Бұл отандық бизнестің өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Компанияларымыз жаһандық нарыққа шығып, кәсібін өрістетіп жатыр. Олар Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан озық ел ретінде танытуда.

Адал кәсіпкерлерді отаншылдығын нақты іспен көрсетіп жүрген азаматтар деп атаған жөн. Себебі олар табанды еңбекпен көптеген жұмыс орнын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыруға мол үлес қосуда. Осындай орта және шағын бизнес өкілдерін қолдау мемлекет саясатының басымдығы болып қала береді».

t.me/aqorda_resmi

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика