Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалары шеңберінде Үкімет, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты оң динамика байқалуда. Осы жылдың 1 қазанындағы көрсеткіштерге сәйкес, жалпы өлім-жітім 2,7%-ға, ал сәби өлімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,2%-ға төмендеді.