spot_img
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
-15.8 C
Kokshetau

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жумагазиев ақмолалық кәсіпкерлермен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жумагазиев Ақмола облысына  жұмыс сапары аясында Көкшетауда өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов және 70-тен астам бизнес өкілі қатысып, орталық мемлекеттік органдар өкілдері бейнебайланыс арқылы қосылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Ерейментау ауданынан келген кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Бекім Әкімов субсидиялардың уақытылы төленбеуі шағын кәсіпкерлерге қиындық тудырып жатқанын және жайылымдық жер тапшылығы мәселесін көтерді. Қосымша білім беру саласындағы кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың тұрақсыздығын атап өтті. Құрылыс саласындағы кәсіпкерлер де өз салаларына қатысты проблемалар мен ұсыныстарын ортаға салды.

Барлық ұсыныстар мен сұрақтар партия және орталық органдардың бақылауына алынды. Кездесуді қорытындылаған Эльдар Жумагазиев  партия жанынан кәсіпкерлер мәселесімен айналысатын үйлестіру кеңесінің құрылғандығын атап өтті. Мұнда кәсіпкерлер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы мәселелер талқыланып, тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік бермек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Полиция департаментінің түсіндірмесі

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика