«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы, облыстық білім, туризм, дене шынықтыру басқармаларының «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі – ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың қатарластарын қолдауға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Фестивальдің басты мақсаты – әр балаға тең мүмкіндік беріп, инклюзивті спорттық және мәдени іс-шаралар арқылы олардың әлеуетін ашу, достық пен өзара түсіністікке негізделген орта қалыптастыру. Спорттық алаңдарда оқушылар командалық рух пен бірлік көрсетіп, өз күштері мен қабілеттерін сынға салды.
Фестивальге Ақмола облысының әр өңірінен келген 55 оқушы қатысты. Қатысушылар үш спорт бағыты бойынша бақ сынады: «Бочча», инклюзивті командалық эстафеталар және жеңіл атлетика. Шара соңында үздік шыққан қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.