spot_img
Жұма, Қыркүйек 12, 2025
8.2 C
Kokshetau

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұысшыларымен кездесу әлі де жалғасын табуда

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, жұмысшы мамандықтардың имимджін көтеру мақсатында, облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен қаламыздағы  кәсіпорындарда қызмет етіп жүрген жұмысшылармен кездесу өткізуде.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, «Natige milk» ЖШС кәсіпорнының жұмысшыларымен  кездесу өткізу өткізілді.

Аталған шараға, «Natige milk» ЖШС кәсіпорнының аймақтық директорының орынбасары – Остай Абумхан, «Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы «Жастар және отбасы істері» бөлімінің бас маманы – Жасқайрат Нұрбол Серікұлы, Ақмола облысы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ «Жастарға қызмет көрсету орталығы» бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы – Елеш Шыңғысхан Маратұлы, «Отбасы банк» АҚ қаржылық кеңесшісі – Есеналина Зарина Сералыновна, БАҚ өкілдері, ұйымдастырушылар және аталмыш кәсіпорнының қызметкерлері қатысты.

«Көкшетау қаласында ірімшік, сүзбе және май өнімдері шығарылады. Сүзбе мен ірімшік өнімдері әрқайсысы шамамен аптасына 5 тоннадан өндіріледі. Бас кәсіпорын Қарағанды қаласында болғандықтан өндірілген өнімдер аталмыш қалаға  жіберіліп, сол жерден таратылады.

Кәсіпорында жастар аз болса да, біз жас мамандар үшін бар жағдайларды жасап отырамыз. Ең әуелі қауіпсіздік ережелері мен жұмыстың мән-жайын түсінідіреміз. Сонымен қатар, шеттен, атап айтсақ, басқа өңірден келген қызметкерлерге арнайы жатақханамыз бар. Қалалық жерде тұратын жұмысшыларға қызметтік көлігімізбен таңнан алып келіп, кешкі уақытта үйлеріне жеткізіп отырамыз. Фабрика күндізгі ауысымда ғана жұмыс жасайды» – дейді өндіріс фабрикасының әкімшілік бөлімі.

Сондай-ақ, шара барысында қатысушыларға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша ақпарат берілді.

«Президент өз Жолдауында  2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, еңбекқор жастарды қолдау қажеттігін атап өтті. Жұмысшы мамандықтары – қазіргі қоғамның іргетасы.

Биыл құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты салаларда қажымай еңбек ететін жұмыскерлердің мәртебесі артады.

Өйткені, сіздердің еңбегіңіз прогрестің негізі болып табылып, күш-жігеріңіз жеке өсуге ғана емес, бүкіл қоғамның әл-ауқатына да ықпал етеді.

Біз еңбек адамын, қарапайым жұмысшыларды, еңбек әулеттерінің өкілдерін, кәсіпорындардағы тәжірибелі жұмысшыларды қолдауымыз керек.

Жастарға да ерекше көңіл бөлінеді.

Жас қазақстандықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған үлкен жұмыс жүргізілуде.

Осыған байланысты, биылдан бастап:

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатқанын хабарлағым келеді. Гранттар берудің негізгі мақсаты – белсенді және шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы Жастар бастамаларын мемлекеттік қолдау.

Гранттар Қазақстан Республикасының азаматтарына конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша беріледі:

  1. Ғылым – басым секторларда жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру;
  2. Мәдениет – Қазақстанның мәдени мұрасын, дәстүрлері мен өнерін дәріптеу жөніндегі жобалар;
  3. Ақпараттық технологиялар – IT-шешімдерді, стартаптарды және цифрлық жобаларды әзірлеу;
  4. Бизнес – экономиканың өзекті салаларында жаңа бизнес- идеяларды іске асыру;
  5. Медиа – жастар үшін пайдалы, танымдық және қызықты мазмұн жасау.

Грант сомасы 1 миллион теңгені құрайды.

Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды, сондықтан әрқайсыңыздың өз идеяңызды беруге, әлеуетіңізді көрсетуге және қаржыландыруды ғана емес, сонымен қатар тануды алуға мүмкіндігіңіз бар.

Бұл жобалар жастарды жан-жақты қолдау мен дамытуға, шығармашылық, ғылыми және кәсіпкерлік әлеуетті ашуға бағытталған.

Толығырақ ақпаратты жастарға қызмет көрсету орталығынан, сондай-ақ біздің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы алуға болады» – деп, өз сөз кезегінде «Жастар және отбасы істері» бөлімінің бас маманы – Нұрбол Жасқайрат тоқталып кетті.

Іс-шара соңында қатысушыларға фабрика өнімдерінің презентациясы ұсынылды.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.  

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тіл тұғырынан түспеуі өз қолымызда

Көкшетауда «Тіл үйретудегі инновациялық әдістер: теориядан тәжірибеге» атты өңірлік конференция өтті. Оған лингвист ғалымдар, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері, ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика