spot_img
Жұма, Қыркүйек 5, 2025
18.3 C
Kokshetau

Қарағанды облысында «Жауынгерлік достастық – 2025» оқу-жаттығуы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қарағанды облысында ауқымды стратегиялық «Жауынгерлік достастық – 2025» оқу-жаттығуы жалауын көтерді. Шараны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов салтанатты жағдайда ашты.

Әскери жаттығулар Сарышаған полигонында өтуде. Оған Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің бөлімшелері тартылып отыр. Жаттығудың мақсаты – түрлі әскер түрлері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, шартты қарсыластың әуе шабуылдарын тойтару әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік машығын арттыру.

– Авиация мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің кешенді әрекеттері шынайы ұрыс жағдайына барынша жақын ортада ұйымдастырылады. Баршаңызға жүктелген міндеттерді сәтті орындап шығуды тілеймін, – деді оқу-жаттығуға қатысушыларға қарата сөйлеген сөзінде генерал-майор Қайрат Садықов.

Оқу-жаттығу аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары, радиоэлектрондық күрес құралдары мен зениттік-зымыран кешендері қолданылатын түрлі тактикалық эпизодтар іске асырылады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадаларының есептоптары зениттік зымырандарды іс жүзінде ұшырып көреді. Ұшу экипаждары әуе және жер үсті нысандарына авиациялық соққылар жасауды пысықтайды.

Осындай ауқымдағы жаттығулар Қазақстанның әуе кеңістігін қорғауға бағытталған міндеттерді орындауға дайындықты арттырып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайта түседі. Бұл – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әуе қорғанысы жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды кезең болмақ.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: жаңғырту, әртараптандыру және инвестициялар – өнеркәсіп әлеуетін дамытудың басымдықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика