spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 7, 2025
13.5 C
Kokshetau

15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында вакциналау арқылы басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мәлімдеді. Шілде айынан бері қызылша мен көкжөтелге шалдығу деңгейі төмендеген. Ал 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында қызылшаның 226 зертханалық расталған жағдайы және көкжөтелдің 7 жағдайы тіркелген. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Әсіресе, бір жасқа толмаған сәбилер арасында қызылша жиі кездесіп отыр. Талдау нәтижесінде науқастардың шамамен 90%-ының екпе алмағаны анықталды.
«Қызылша мен көкжөтел – вакциналау арқылы басқарылатын инфекциялар. Бүгінде біз екпенің маңыздылығын ерекше атап өтіп, барша тұрғындарды уақытылы вакцинациядан өтуге шақырамыз. Вакцина қолжетімді, сапасы жоғары, жылдар бойы тексерілген және сертификатталған. Балалар арасында ұжымдық иммунитеттің жоқтығы, кейбір аудандарда төмен қамту және вакцинадан бас тарту жағдайлары қызылшаның таралуына қолайлы жағдай туғызуда», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов.
1 қазаннан бастап жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталады. Осыған байланысты өңірде бірқатар санитариялық-профилактикалық шаралар атқарылады.
«Ағымдағы 2025–2026 жылғы эпидемиялық маусымға денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдар тарапынан 78 мың доза вакцина сатып алынады. Бұл – соңғы жылдары қолданыста жүрген ресейлік өндірістегі Гриппол Плюс вакцинасы. Екпе келесі санаттағы азаматтарға егіледі: медициналық ұйымдарда Д-есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша азаматтар», – деді спикер.
Сонымен қатар, тұмауға қарсы екпе жұқтыру қаупі жоғары адамдарға да ұсынылады. Олардың қатарында жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, педагогтар, әскери қызметшілер, созылмалы аурулары бар науқастар мен қарт адамдар бар. Вакцинация тегін жүргізіледі, оны тұрғылықты жері бойынша емханалардан алуға болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика