spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
21.4 C
Kokshetau

Үш жылдық бюджеттің жобасы теңдестірілген және Мемлекет басшысының барлық стратегиялық бастамалары ескерілген – Премьер-министр

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі қаралды.
«Президент бюджеттің теңгерімділігін сақтауды, республикалық және жергілікті деңгейлерде қаражатты сапалы жоспарлап, тиімді бөлуді тапсырды.

Заң жобалары (жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі және 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы) бюджеттік параметрлерге сәйкес әзірленді, сондай-ақ мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барынша оңтайлы.

Жалпы алғанда бюджет теңдестірілген және Мемлекет басшысының барлық стратегиялық бастамалары ескерілген.
Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, өңірлерге базалық инфрақұрылымның қолжетімді болуына теңдей жағдайды қамтамасыз етіп отыр.
Президент тапсырмасына сәйкес, бюджет әлеуметтік мәселелерге бағдарланған,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру барысында жаңа Бюджет және Салық кодекстері ескерілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында республиканың көмірмен қамтамасыз етілгендігі туралы баяндады. Ол атап өткендей, көмір өндіруші кәсіпорындар осы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика