spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
29.2 C
Kokshetau

Үкіметте елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет отырысында елдің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Негізгі макроэкономикалық индикаторлар туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.

Болжам негізгі сценарий негізінде қалыптасады. Оған сәйкес 2026 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,4%-ды құрайды, ал үш жылдағы орташа жылдық қарқын 5,3%-ға жетеді. Номиналды ЖІӨ 2026 жылы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі.

Экономиканың өсуінің негізгі драйверлері нақты сектор мен қызмет көрсету саласы болады. Өңдеуші өнеркәсіпте инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен өсу қарқынының 2026 жылғы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаюы болжанады. Құрылыстағы үш жылдағы орташа өсім 11,0%, көлік саласында – 10,1%, саудада – 6,7% деңгейінде күтілуде.

Министр болжамды кезеңде оң сауда балансы сақталатынын атап өтті. Экспорт 2026 жылы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт – $67,7-дан $75,2 млрд-қа дейін өседі.

Макро болжамның негізінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлері қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің кірістері 2026 жылы 19,2 трлн теңгені құрайды, кейіннен 2028 жылы 23,2 трлн теңгеге дейін өседі деп болжануда. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жыл сайын 2, 77 трлн теңге мөлшерінде айқындалаы.

Бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5% деңгейінде айқындалды, 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 4,9%-дан 2,7%-ға дейін қысқарады.

«Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдерінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тартудың қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді»,
— деп атап өтті вице-премьер.

📱 @KZgovernment

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика министрлігі жылыту маусымына дайындық туралы: Барлық жөндеу жұмыстары уақытында аяқталады

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Ол жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика