spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
26.2 C
Kokshetau

Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолдау тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылдың 26 тамыз сағат 15:00 Ақкөл қаласындағы телемұнара маңында «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бұл шара тұрғындардың, әсіресе жастардың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сананы арттыруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі болды.

Игі бастаманың негізгі мақсаты – тек қана қоқысты жинау емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын терең түсінуді қалыптастыру. Ұйымдастырушылар елді мекендердің келбетін жақсартумен қатар, әр азаматтың табиғатты қорғауға деген жеке жауапкершілік сезімін оятуды көздейді.

Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты. Барлығы бірігіп қоғамдық аумақты тұрмыстық қалдықтан тазартып, экологиялық бірлік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Ақкөл ауданының әкімі Біржан Тасболатұлы шараға арнайы келіп, мұндай бастамалардың маңыздылығына тоқталды:

«Қоршаған ортаның тазалығы – ертеңгі күнге салынған инвестиция. Табиғатты келешек ұрпақ үшін сақтау – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бұл акция жастарымыздың белсенділігі мен бірлігін айқын көрсетті», – деді аудан әкімі.

Қатысушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында акция өткізілген аумақ толықтай тазартылды. Бұл шара ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, әр адамның ортақ іске үлес қосуы қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

#ТазаҚазақстан

#ТазаЕл #TazaQazaqstan #TazaChallenge

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көмір өндіруші кәсіпорындар мен ҚТЖ өңірлерге көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында республиканың көмірмен қамтамасыз етілгендігі туралы баяндады. Ол атап өткендей, көмір өндіруші кәсіпорындар осы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика