spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 13, 2025
20.2 C
Kokshetau

Жастар күнінде облыс орталығында ауқымды шаралар өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының «Қопа» көлінің жаңа жағалауында Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында open air форматында мерекелік жастар іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Ерланұлы Айтбаев, қаламыздың белсенді жастары, волонтерлері, талантты әншілері мен бишілері сондай-ақ, қала тұрғындары қатысты.

Өңір басшысының орынбасары Досұлан Айтбаев, барша жастарды атаулы мерекемен құттықтап, алдағы уақытта болашақты күтпей өз қолдарымен жасауға шақырды.

Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында, түрлі форматта іс-шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтсақ,  «Color fest», сиқыршы (жастарға арналған түрлі-түсті ұнтақтармен көңілді бояу мерекесі.  Көрермендерді таңғалдыратын сиқырлы трюктер мен иллюзиялар), Отбасы банк (банкпен жұмыс жасау консультациясы), Фото алаңы (естелікке фото түсіру алаңы), Өнер қабырғасы (түсті баллондармен қабырғаны безендіру), Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі (жастарға арналған еңбек мүмкіндіктері), IT-hub (ақпараттық технология өнімі жайлы оқыту), Ашық микрофон (қонақтар микрофонға келіп, өздерінің сүйікті әндерін орындайды), Аула ойындары (балалар мен жасөспірімдер аулада ойнайтын қимылды, ұжымдық ойындар), Теннис, тоғызқұмалақ, шахмат (ойлау қабілетін дамытатын зияткерлік ойын), Арқан жолы және отбасылық эстафета (отбасылар арасында командалық рухты нығайтатын қызықты және белсенді жарыс), Гір көтеру, қол күрес (спорттық ортаға бейімдеу), Open air (Көкшетау қаласының жергілікті өнерпаздарымен өткен үлкен шара) және т.б. өткізілді.

Әр алаңда қала тұрғындары белсенді атсалысып қатысты.Кешкілік бағдарлама шеңберінде қатысушылармен түрлі ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар таратылды.

«Іс-шара аясында концерттік бағдарлама, жастардың шығармашылық ұжымы интерактивті конкурстармен, көрермендермен викториналар, ұлттық ойындар бойынша конкурстар ұйымдастырылып, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы қоғам қайраткерлеріне Ақмола облысы әкімі атынан алғыс хаттар табыс етілді» – дейді облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков.

 Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында еңбек құқықтарын сақтау және өндірістегі қауіпсіздікке бақылау күшейтілуде

2025 жылы Ақмола облысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өңір кәсіпорындарында еңбек...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика