spot_img
Сенбі, Ақпан 14, 2026
-12.9 C
Kokshetau

Астанада Jennifer Lopez концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.
Шаттл бағыттары:
* Астаналық цирк автотұрағы;
* «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
* «QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;
* Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;
* «Бас мешіт» автотұрағы.
Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.
Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында конституциялық реформалар талқыланды

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп беру барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының бастамасымен елде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика