spot_img
Сәрсенбі, Шілде 30, 2025
20.2 C
Kokshetau

Тауар белгісін құқықтық қорғау

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазіргі бизнесте тауар белгісі тауарлар мен қызметтердің сәйкестігін қалыптастыруда, сондай-ақ оларды нарықта жылжытуда шешуші рөл атқарады. Тауар белгісін сенімді құқықтық қорғау иесіне өзінің зияткерлік меншігін үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануынан қорғауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау ҚР Азаматтық Кодексімен, 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңымен, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттармен реттеледі.

Тауар белгісі – Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға байланысты осы Заңға сәйкес тіркелген немесе тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі. Ол ауызша, графикалық, көлемдік немесе басқа белгілеуді немесе олардың тіркесімін білдіруі мүмкін.

Сауда белгісі, ең алдымен, әртүрлі кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтері арасындағы айырмашылықты қамтамасыз етуге бағытталған белгі.

Тауар таңбасын тіркеу

Қазақстанда тауар таңбасын қорғау оны ресми тіркегеннен кейін ғана мүмкін болады:

Өтінім беру Ұлттық зияткерлік меншік институтына (ҚазПАТЕНТ) жүзеге асырылады;

Мәселен, тауар белгісіне куәлік алу үшін өтінім Қазпатентке беріледі және оған өтініш, белгінің бейнесі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлар/көрсетілетін қызметтер тізбесі, сондай-ақ баж төленгені туралы түбіртек кіреді.

Бұдан әрі өтінімге кезең-кезеңмен сараптама жүргізіледі, ол алдын ала және толық сараптамадан тұрады. Алдын ала сараптама барысында өтінімнің мазмұны, қажетті құжаттардың бар-жоғы, тауарлардың және/немесе көрсетілетін қызметтердің тізбелік дұрыстығы, баждың төленуі тексеріледі.

Бұдан кейін, өтінім қабылданған жағдайда сараптама ұйымы толық сараптама жүргізеді. Сараптама ұйымы түпкілікті қорытындының негізінде тауар таңбасын тіркеу, ішінара тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тауар белгісіне айрықша құқық тауар таңбасы тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды.

Тауар белгісіне құқық куәлікпен куәландырылады, тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.

Оң шешім қабылданған жағдайда тіркеу туралы куәлік беріледі, ол әрбір келесі 10 жылдық кезеңге ұзарту мүмкіндігімен 10 жылға жарамды.

Осылайша, тіркелген тауар белгісінің иесінің айрықша құқығы бар:

– тауар белгісін өз қалауы бойынша пайдалану;

– рұқсатсыз үшінші тұлғалардың ұқсас немесе бірдей белгілерді пайдалануына тыйым салу;

– беру шарты немесе лицензия бойынша тауар белгісіне құқықтарды беру;

– оның құқықтары бұзылған кезде шығындарды өтеуді талап ету.

Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.

Тауар таңбасы иесінің құқықтары бұзылған жағдайда мынадай қорғау шаралары көзделген: тауар таңбасын пайдалануға тыйым салу туралы сотқа талап қою; залалдарды өтеуді немесе залалдарды дәлелдемей өтемақы төлеуді талап ету; құқықбұзушыны әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту; контрофактілі өнімді тәркілеу.

Осылайша, белгіні тіркеу тек заңды формальдылық қана емес, сонымен қатар бизнесті дамытудағы стратегиялық қадам болып табылады. Оны Қазақстан Республикасында құқықтық қорғау кәсіпкерлерге өз құқықтарын қорғауға деген сенімділікті қамтамасыз етеді, бизнестің дамуын ынталандырады және зияткерлік меншік саласындағы құқықтық мәдениетті нығайтады.

 

 

 

Д. Конқаева

Зияткерлік меншік

құқықтарын қорғау бөлімінің

бас маманы                                                                                       

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика