Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша жаңа жоба бастау алды. Бұл бастама облыс бойынша аулалар мен көшелерді абаттандыруға деген көзқарасты өзгертуге бағытталған. «Ең үздік абаттандырылған және көгалдандырылған аула» байқауы тек ең таза, ұқыпты аулаларды анықтауды ғана емес, сонымен қатар өз қаласы мен ауылы үшін жанашырлық мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Байқау тұрғындарды өз айналасындағы кеңістікті жақсартуға жұмылдырып, ортақ іске тартуға бағытталған.
Бұл бастама алғаш рет Көкшетау қаласында жүзеге асырылды. Мұнда байқау тұрғындарға үлкен ынталандыру болды: адамдар ағаш отырғызып, гүлзарлар жасап, орындықтар орнатып, аулаларын көгалдандыру жобаларын жүзеге асыра бастады. Жеңімпаздар 20 миллион теңгеге дейінгі сертификаттарға ие болды — бұл қаражат балалар және спорт алаңдарын салуға, жарықтандыруға, шағын сәулет нысандарын орнатуға және көгалдандыруды жалғастыруға жұмсалады.
Көкшетау — тек бастамасы. Марат Ахметжановтың айтуынша, байқаудың мақсаты бұдан да ауқымды. Бұл бір реттік шара емес, қалалар мен ауылдардың келбетін түбегейлі өзгертуді көздейтін ұзақ мерзімді бағдарлама. Енді Көкшетаудағы тәжірибе басқа аудандарға үлгі болады, алдағы уақытта сол жерлерде де осындай байқаулар басталады. Облыс әкімдігінің бұл бастамасы біртіндеп тазалық, көгалдандыру және жайлылық үшін ауқымды қозғалысқа айналады. Сонымен қатар, бұл жаңа көзқарасты да қалыптастырады — абаттандыру тек биліктің ғана емес, әр тұрғынның да міндетіне айналады.»