spot_img
Сейсенбі, Шілде 22, 2025
23.2 C
Kokshetau

Көкшетауда медицина мекемелерінің жұмысы тексерілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақтағы медициналық қызмет сапасы мен шұғыл көмек көрсету мәселесі облыс басшылығының ерекше бақылауында. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серік Сахиев және Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Нүгертаева облыс орталығындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралады.

Атап айтқанда, жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысына айрықша назар аударылды. Қазіргі таңда облыс бойынша қызмет көрсететін бөлімшелерде фельдшерлер мен жүргізушілерді қосқанда шамамен 850 қызметкер еңбек етеді. Көкшетау қаласында олардың саны 230-ға жуық. Жедел жәрдем бригадалары тәулік бойы жұмыс істеп, халыққа уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ емханалар мен ауруханалардың қабылдау бөлімдерінде науқастармен кездесу өтті. Олардың өтініштері, ескертулері мен ұсыныстары тыңдалып, медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелері қаралды. Алғашқы қабылдау жағдайы, шұғыл жәрдем көрсету сапасын арттыру, науқастарды бағыттау тәртібін жетілдіру және кезекте тұру уақытын қысқарту жолдары талқыланды. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына да баса мән берілді. Мекеме басшыларына жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы орындау, науқастар мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасау тапсырылды.

Соңғы уақытта еліміздің кейбір өңірлерінде медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдарға байланысты күзет шараларын күшейту, бейнебақылау жүйесін жетілдіру және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестікті нығайту мәселелері қаралды.

Іссапар қорытындысы бойынша мекеме басшыларына және сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

«Халық денсаулығы — біздің ең басты құндылығымыз. Әр адам уақытылы және сапалы медициналық көмек алуы үшін барлық қажетті жағдай жасалуы тиіс. Сондай-ақ дәрігерлер мен медицина қызметкерлері қауіпсіз әрі жайлы ортада өз ісін толық атқаруы қажет», — деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жыл басынан бері аймақта 10 бала терезеден құлап кеткен

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жазғы маусымда балалардың терезеден құлауына байланысты осындай жазатайым оқиғалардың алдын алуға арналған брифинг өтті. Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика