spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
0.8 C
Kokshetau

Еңбек адамы – басты назарда: AMANAT партиясы металлургтерді құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Кәсіби мереке – Металлургтер күні қарсаңында «AMANAT» партиясы ел бойынша металлургия саласындағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен салтанатты кездесулер өткізуде. Мұндай шаралар Қарағанды және Павлодар облыстарында да ұйымдастырылды.

Бұл шаралар Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтті.

«Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді» — делінген Президент Жолдауында.

Қарағандыдағы кездесу партияның облыстық филиалында ұйымдастырылды. Аймақтағы ірі өндіріс ошақтарында еңбек ететін мамандармен қатар шағын кәсіпорын жұмысшылары да кәсіби мерекемен құттықталды. Қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Ұзақ жылдар бойы жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, саланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі, зейнетақымен қамтамасыз ету, жас мамандарды қолдау, өндірістегі жағдайды жақсарту және тұрғын үй бағдарламалары сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

@amanatpartiasy.kz

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика