spot_img
Жұма, Наурыз 6, 2026
-6.8 C
Kokshetau

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды.

Бұл жарысты Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырды. Оған Азия мен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты.

Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 9 ушу спортшы алып барды. Нәтижесінде 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Ел құрамасынан Бексұлтан Қоскенов (65 келі) чемпион атанса, Дияр Хамраев (90 келі) және Ислам Иминов (48 келі) күміс жүлдегер болды.

Сондай-ақ Карим Иминжанов (56 келі), Нұрислам Авутов (52 келі), Расул Тұрғанжанов (75 келі), Юлтуз Юлдашева (60 келі), Карина Исмаилова (75 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Ұлттық құрама жарысты жалпы есепте 6-орында аяқтады.

Еске салсақ, Қазақстан ерлер құрамасы таэквондодан әлем кубогында қола алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция қоғамдағы келісім мен заң үстемдігін нығайтады – медиация кеңесінің төрағасы

Қазақстанда ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жетілдіруге және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Мұндай...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика