spot_img
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
27.2 C
Kokshetau

Аспан әлемінің қорғандары

Сондай-ақ...оқыңыз

1998 жылы Әскери қорғаныс күштерінің Әскери-әуе күштерін құру туралы директиваға қол қойылды. Сол уақыттан бастап бұл атаулы күн болып күнтізбеге енді.
азақстанның Әскери-әуе күштері – маңызды бағыттарды, аудандар мен объектілерді әуе қарсыластарының соққыларынан қорғауға арналған негізгі маневрлік атыс әскер тегі болып табылады.
Олар әуе кемелерінің заманауи түрлерімен, соның ішінде көп функциялы жойғыштармен және соққы беруші тікұшақтарымен жабдықталған. Ұшқыштардың жауынгерлік даярлық жүйесі де ұдайы жетілдіріліп отырады. Сонымен қатар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі де ескеріліп, талданады.
Бұның бәрі іс жүзінде жеке құрамды әуеде соғыс жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйренуіне мүмкіндік береді. Ұшу және инженерлік құрамның, тыл және байланыс мамандарының, авиациялық бөлімдердің азаматтық персоналының күнделікті тынымсыз еңбегі қазақстандық авиацияның жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстанның әуе кеңістігін қорғаушы буын Әскери-әуе күштерінің даңқты дәстүрлерін лайықты деңгейде жалғастырып келеді. Олар ұшу шеберлігін жетілдіріп қана қоймай, күрделі оқу-жауынгерлік міндеттерді шешуге әрқашан әзір екенін іс жүзінде көрсетіп жүр.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика