spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
20 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Кәсіби маман» байқауы қорытындыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылған «Кәсіби маман» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Аталмыш байқау жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп отыр.

Байқау аталымдары бойынша табысты дуальды оқытудың барлық тізбегіне кіретін кәсіпорындар мен оқу орындарының үздіктері анықталды. Аталмыш байқау жұмыс орындары мен тәжірибе базаларын ұсынатын кәсіпорындардың, заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлейтін колледждердің және білімі мен тәжірибесі жоғары деңгейлі мамандардың жаңа буынын қалыптастыратын тәлімгерлердің үлесін көрсетеді.
Өңірлік комиссия байқаудың республикалық кезеңінде Ақмола облысының атынан қатысатын үш жеңімпазды таңдады. «Жұмысшы кадрларды даярлауға қатысатын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Степногорский подшипниковый завод» АҚ жеңімпаз атанды. Кәсіпорын Қазақстанның машина жасау саласында жетекші болып табылады және білікті кадрларды даярлауға белсенді қатысады. Зауыттың өз ықпалымен «Студенттік вахта», «Ақылды өндіріс», «Мектеп-колледж-зауыт», «Менің алғашқы сұхбатым», «Менің зауыттық тарихым», «WorldSkills» жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар екі колледжбен бірлесіп оқыту модульдері әзірленді, зауыттың 13 тәлімгері тәлімгерлік мектебінде арнайы оқытудан өтті.
«Жұмысшы кадрларды даярлайтын үздік колледж» аталымы бойынша көпсалалы Инновациялық колледж жеңіске жетті. Бұл оқу орны облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, фестивальдердің, соның ішінде «WorldSkills» фестивальдерінің қатысушысы және жеңімпазы ретінде танылған үздік оқу орындарының бірі.
Ал, «Өндірістегі үздік тәлімгер» аталымында әлеуметтік әріптес болып табылатын және «Бурабай» колледжімен белсенді ынтымақтасатын «ҚТЖ-жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «БП Ақмола бөлімшесі» атынан Жорабек Ережепов Тұрғынұлы жеңімпаз атанды. Енді ол республикалық байқауда аймақтың намысын қорғайтын болады.

– Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы аймақтағы әрбір кәсіпорынға, колледждерге және әр тәлімгерге жанқиярлық жұмысы мен олардың жоғары сапа стандарттарына сай адалдығы және өңірдің кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреді.Барлық жеңімпаздарды өңірлік кезеңдегі лайықты жеңісімен құттықтай отырып, республикалық байқауда жаңа жетістіктер мен жеңіс тілейді, – деді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда мектеп түлектеріне «Заң және тәртіп» қағидаттары түсіндірілді

Көкшетау қаласында мектеп бітіруші түлектерге арналған құқықтық түсіндіру іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика