spot_img
Бейсенбі, Тамыз 14, 2025
14 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Зиялы қауым» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылдан бастап Ақмола облысы әкімдігі мен Полиция департаментінің бірлесуімен «Зиялы қауым» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бүгінде ауыл тұрғындарының бастамалары Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» жобасы аясында үйлесімді жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық жерлерде өзекті мәселелерді шешуге жергілікті халықты кеңінен тарту, сондай-ақ учаскелік инспекторларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде қолдау көрсету.
Ауыл әкімдіктерінің көмегімен 138 қоғамдық кеңес құрылып, олардың құрамына 840-тан астам беделді азаматтар кірді. Бұл кеңестер елді мекендердегі қауіпсіздік мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырады. Кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтып, нақты шешімдер қабылдауға ықпал етуде.
Бұдан бөлек, ауыл қауымдастықтарының қызметіне заңға бағыну мәдениетін насихаттау, салауатты өмір салтын қолдау, құқық бұзушылықтың себептерін анықтау және қоғамдық тәртіпті жиі бұзатын тұрғындармен жұмыс жүргізу кіреді. Кеңес отырыстарында құқық бұзуға бейім тұлғалардың мінез-құлқы талқыланып, тәрбиелік мақсаттағы әңгімелер өткізіледі.
Бүгінде «Зиялы қауым» бағдарламасын облыстың барлық өңірлері қолдап отыр. Оның нәтижесінде 98 ауылда қылмыс деңгейі төмендеп, қайталама құқық бұзушылық тіркелмеді. 32 елді мекенде алкоголь өнімін сатудан өз еркімен бас тартқан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жастар күнінде облыс орталығында ауқымды шаралар өткізілді

Көкшетау қаласының «Қопа» көлінің жаңа жағалауында Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында open air форматында мерекелік жастар іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика