Адвокатура және нотариат саласында Әділет департаментімен 2 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі, олар «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу». Бүгінгі күні аталған мемлекеттік қызметтер толығымен электронды форматқа ауыстырылған.
Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Аттестаттаудан өтпес бұрын үміткерге адвокатта не нотариуста тағылымдамадан өту қажет, оның мерзімі адвокаттық қызметпен айналысу үшін алты айдан бір жылға дейін, ал нотариаттық қызпетпен айналысу үшін кемінде бір жылды құрайды.
Адвокатта не нотариуста тағылымдамадан өту туралы қорытынды ол бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде жарамды болып табылады.
2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 және № 62 Адвокаттық және нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларына сәйкес адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін оны аттесттауға жіберу туралы өтінішті электрондық үкіметтің веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы Әділет департаментіне жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Әділет департаменті құжаттарды тіркеген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Аттестаттауға жіберілгеннен кейін үміткерге аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама беру арқылы немесе портал арқылы «жеке кабинетке» хабарланады.
Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
– Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;
– практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.
Тестілеу өткізілетін заңнамалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру туралы Тәртібінде» көрсетілген, аталған тәртіппен ZAN.KZ. сайтында таңысуға болады.
Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт 100 сұраққа 90 (тоқсан) минутты құрайды, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестті орындауға 3 практикалық жағдай бойынша 12 сұраққа 30 (отыз) минутты құрайды.
Егер дұрыс жауаптар саны заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу бойынша ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70% (жетпіс) және одна көп болған жағдайда, ал практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу бойынша ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65% (алпыс бес) не одан көп болған жағдайда үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.
Адвокаттық және нотариаттық қызметпен лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Аққу Естай
Ақмола облысы
Әділет департаментінің бас маманы.