spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 28, 2025
16.7 C
Kokshetau

Қосшы қаласында жастар ресурстық орталықтарының мамандарына арналған семинар-тренинг өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қосшы қаласында 21-23 мамыр аралығанда бірнеше өңірлермен Ақмола облысындағы жастар ресурстық орталығының мамандарына арналған «Жастармен жұмыс жөніндегі маманның заманауи құзыреттері» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.

Семинарға Астана қаласының, Қостанай облысының және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысты.

Шара аясында ЖРО қызметкерлері үш күндік оқу бағдарламасынан өтті. Бағдарлама келесі негізгі бағыттарды қамтиды: цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, жұмыста жасанды интеллектіні пайдалану, жастар ортасындағы жобалық басқару негіздері және т.б.

Алғашқы күннің спикері, PHD доктор, PMI PMP, Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер одағының директоры – Акзамбекқызы Ақбота бағдарлама жоспарына сәйкес қатысушылармен қызықты тренинг ұйымдастырды.

Семинардың екінші күні «Киберқауіпсіздік: заманауи құралдар мен жеке деректерді қорғау» тақырыбында Қазақстандық Халықаралық колледжінің информатика, графика, жобалау және бағдарламалық қамтамасыз ету оқытушысы – Калбаева Гүлшат Бекахметқызы тренинг сабақтарын өткізді.

Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында киберкеңістікте жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ете білу және рутиндік процестерді автоматтандыру арқылы маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект секілді заманауи құралдарды тиімді пайдалану ерекше маңызды.

Биыл осындай төрт аймақтық семинар-тренинг өткізу жоспарланған. Олар Шымкент, Алматы, Орал және Павлодар қалаларында өтеді.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесе отырып, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруда.

«Қосшы қаласында өткен үш күндік Жастар саясаты мектебі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинар барысында жастармен жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды әрі құнды ақпараттар ұсынылды.

Кәсіби тренерлер мен спикерлер жастар саясатының өзекті бағыттары, мемлекеттік бағдарламалар және жобаларды тиімді жүзеге асыру жолдары бойынша нақты тәжірибелермен бөлісті.

Мұндай іс-шаралар сала мамандарының біліктілігін арттырып қана қоймай, жастармен тиімді жұмыс жүргізуге серпін береді» – дейді өз сөзінде семинарға қатысушысы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы – Ділдә Хайрат.

Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

Қосшы қаласы

Жастар ресурстық орталығының

ақпараты бойынша

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика