spot_img
Дүйсенбі, Қазан 13, 2025
-4.1 C
Kokshetau

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология пәні бойынша ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасының командалық жобалық турдағы жеңісіне де өз үлесін қосты.

Олимпиадаға 14 елден келген жас биологтар қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады: теориялық, жеке практикалық және командалық жобалық тур. Биыл алғаш рет енгізілген жобалық турда да Қазақстан командасы жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы қорытынды бойынша еліміздің жасөспірімдері 2 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте жеңіске жетті.

Егор Менгуловтың жетістігі – тек өзі оқитын мектеп пен туған қаласы Көкшетау үшін ғана емес, бүкіл Ақмола облысы үшін үлкен мақтаныш. Оның бұл табысы – еліміздегі мектеп оқушыларының жоғары деңгейде дайындалып жатқанын және өңірлік мектептердің әлеуетін дәлелдейді.

Қазақстан құрамасы олимпиада алдында «Сириус» білім беру орталығында ұйымдастырылған он күндік оқу-жаттығу жиынына қатысып, тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен дайындық жүргізді. Құраманың жетекшісі – Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айгүл Акимгереевна Қарқулова.

Егорды және Қазақстан құрамасын осы зор жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңе тілектеспіз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты

Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика