spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 19, 2025
18.9 C
Kokshetau

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология пәні бойынша ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасының командалық жобалық турдағы жеңісіне де өз үлесін қосты.

Олимпиадаға 14 елден келген жас биологтар қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады: теориялық, жеке практикалық және командалық жобалық тур. Биыл алғаш рет енгізілген жобалық турда да Қазақстан командасы жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы қорытынды бойынша еліміздің жасөспірімдері 2 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте жеңіске жетті.

Егор Менгуловтың жетістігі – тек өзі оқитын мектеп пен туған қаласы Көкшетау үшін ғана емес, бүкіл Ақмола облысы үшін үлкен мақтаныш. Оның бұл табысы – еліміздегі мектеп оқушыларының жоғары деңгейде дайындалып жатқанын және өңірлік мектептердің әлеуетін дәлелдейді.

Қазақстан құрамасы олимпиада алдында «Сириус» білім беру орталығында ұйымдастырылған он күндік оқу-жаттығу жиынына қатысып, тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен дайындық жүргізді. Құраманың жетекшісі – Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айгүл Акимгереевна Қарқулова.

Егорды және Қазақстан құрамасын осы зор жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңе тілектеспіз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өңір тұрғындарын финалистерімізге қолдау көрсетіп, өз дауыстарын беруге шақырамыз!

Республикалық «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар шығармашылығы фестивалі аясында Ақмола облысының атынан Ақмола облысы білім басқармасына Ақкөл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика