Адвокатура және нотариат саласында Әділет департаментімен 2 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі, олар «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу». Бүгінгі күні аталған мемлекеттік қызметтер толығымен электронды форматқа ауыстырылған.
Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Аттестаттаудан өтпес бұрын үміткерге адвокатта не нотариуста тағылымдамадан өту қажет, оның мерзімі адвокаттық қызметпен айналысу үшін алты айдан бір жылға дейін, ал нотариаттық қызпетпен айналысу үшін кемінде бір жылды құрайды.
Адвокатта не нотариуста тағылымдамадан өту туралы қорытынды ол бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде жарамды болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауға жіберу туралы өтінішті электрондық үкіметтің веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жібргеннен кейін Әділет департаменті құжаттарды тіркеген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда және біліктілік талапптарына сәйкес келген жағдайда, үміткерге аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама беру арқылы немесе портал арқылы «жеке кабинетке» хабарланады.
Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
– Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;
– практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.
Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт 100 сұраққа 90 (тоқсан) минутты құрайды. Үміткер дұрыс жауаптар саны заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу бойынша ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70% (жетпіс) және одна көп болған жағдайда аттестаттаудың бірінші кезеңін өткен болып есептеледі.
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған тестілеу өткізілетін заңнамалардың тізбесі:
- ҚР Азаматтық кодексі-15 сұрақ;
- ҚР Азаматтық процестік кодексі-15 сұрақ;
- ҚР Қылмыстық кодексі-15 сұрақ;
- ҚР Қылмыстық процестік кодексі-15 сұрақ;
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі – 15 сұрақ;
- ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 5 сұрақ;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы – 5 сұрақ;
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы – 5 сұрақ;
- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңы – 10 сұрақ.
Нотариаттық қызметпен айналысуға арналған тестілеу өткізілетін заңнамалардың тізбесі:
- ҚР Азаматтық кодексі-15 сұрақ;
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі – 15 сұрақ;
- ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі – 15 сұрақ;
- ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 5 сұрақ;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы – 5 сұрақ;
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы – 5 сұрақ;
- «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы – 10 сұрақ;
- «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы – 15 сұрақ;
- «Нотариат туралы» ҚР Заңы– 15 сұрақ.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт 3 практикалық жағдай бойынша 12 сұраққа 30 (отыз) минутты құрайды. Үміткер егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65% (алпыс бес) не одан көп болған жағдайда аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.
Адвокаттық және нотариаттық қызметпен лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Аққу Естай
Ақмола облысы
Әділет департаментінің бас маманы