spot_img
Бейсенбі, Мамыр 8, 2025
23.2 C
Kokshetau

«Ауыл Аманаты»: Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға мүмкіндік алуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы табысты жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын арттыру. Бүгінде бұл бастама облыстың 17 ауданы мен 220-дан астам ауылдық округін қамтып, 400 мыңға жуық тұрғынға серпін беріп отыр.

Бағдарлама аясында ауыл кәсіпкерлеріне 2,5% жылдық мөлшерлемемен, 5-7 жыл мерзімге жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі берілді. Тек өткен жылдың өзінде ғана өңірде 1,2 миллиард теңге көлемінде 198 микрокредит берілді. Бұл қаражаттың арқасында ондаған жаңа кәсіп ашылып, кеңейтіліп, 262 жаңа жұмыс орны құрылды.

Несиенің негізгі бөлігі – 930 миллион теңге – мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Нәтижесінде ауылдарда 3 мыңнан астам ірі қара, ұсақ мал, жылқы және құс сатып алынды. Бұл тек мал басының өсуіне емес, ауыл шаруашылығының өркендеуіне де ықпал етті.

Сонымен қатар, микрокредиттер шағын бизнеске де серпін берді: Атбасар ауданында наубайхана ашылып, бетон бұйымдарын өндіруге арналған техника, жиһаз жасайтын құралдар мен жүк көліктері сатып алынды. Көптеген аудандарда жаңа техникалық қызмет көрсету станциялары іске қосылды.

Бағдарлама ауыл шаруашылық кооперативтерін дамытуға да мүмкіндік берді. Мысалы, Буланды ауданындағы «Кунтуған Қазынасы» ауыл шаруашылық кооперативі 17 сауынды сиыр, трактор және жем-шөп сатып алса, Ерейментау ауданындағы «Береке» кооперативі төлдейтін ірі қара санын арттырды.

2024 жылы бағдарлама одан әрі кеңейе түсті. Биыл 1,8 миллиард теңгеге 308 микрокредит беру және 326 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2025 жылдың қаңтарынан бастап белсенді жұмыс басталып, 300 өтінім қабылданды, оның ішінде 108 жобаға, яғни 1 миллиард теңгеге жуық несие мақұлданды.

Бағдарлама бұрынғыдай мал шаруашылығына басымдық береді, дегенмен енді көкөніс шаруашылығы, құс өсіру, жылқы шаруашылығы сынды басқа да бағыттар қаржыландырылмақ.

2025 жылы Ақмола облысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 миллиард теңге қарастырылып отыр. Жыл соңына дейін 370 микрокредит беріліп, 400-ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Отец солдата» қойылымы көрерменнің жүрегіне жетті

2025 жылдың 6, 8 және 10 мамыр күндері Ақмола облыстық орыс драма театрының сахнасы ерекше үнсіздікке толы, терең толғаныстар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика