spot_img
Сенбі, Сәуір 4, 2026
15.2 C
Kokshetau

Ерейментауда дзюдодан дәстүрлі республикалық турнир өтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылғы 2–4 мамыр аралығында Ерейментау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында ХІV дәстүрлі республикалық турнир басталды. Бұл жарыс Ерейментау ауданының спорт саласында айрықша із қалдырған жаттықтырушылардың жарқын рухына арналған.
Аталған турнирге Қазақстанның түрлі аймақтарынан және бауырлас Қырғыз Республикасынан келген 14-тен астам команда қатысып, 250-ге жуық спортшы татами төрінде бақ сынауда. Жас дзюдошылар бұл жарыста жоғары шеберлік, табандылық пен қарсыласқа деген құрмет сынды дзюдоның басты құндылықтарын паш етуде.
«Жарыс – тек мықты спортшыларды анықтауға бағытталған бәсеке ғана емес, сонымен қатар өңір спортына өмірін арнаған жаттықтырушыларға деген алғыс пен құрметтің символы. Турнир әділ бәсеке мен спорттық ынтымақтастық рухында өтіп, жасөспірімдерге үлкен тәжірибе мен шабыт беруде», дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шараны ұйымдастыруға Ерейментау ауданының әкімдігі, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, дзюдо федерациясы және «Ереймен күрес клубы» қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетіп отыр. Бұл турнир – жастар арасында спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды қадам болып табылады.
Ұйымдастырушылар барша спорт сүйер қауымды турнирге келіп, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақыруда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика