spot_img
Бейсенбі, Мамыр 1, 2025
12.2 C
Kokshetau

«Көптілді және көпмәдениетті әлем: зерттеу тәсілдері мен стратегиялары» атты дөңгелек үстел өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған   «Көптілді және көпмәдениетті әлем: зерттеу тәсілдері мен стратегиялары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына бейнеконференц байланысы арқылы Хельсинки университетінің, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, А.И.Герцен атындағы РМП университетінің профессорлары мен ғылыми қызметкерлері қатысып, қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі,  көптілділік, көпұлтты әлем жағдайындағы билингвизм, Қазақстандағы билингвизмді зерттеу перспективалары, жасанды интеллект мультилингвизм жағдайындағы тілдік кеңістіктерді талдау, қостілді балалардың сөйлеуін дамыту тақырыптарында   талдау жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова дөңгелек үстел қатысушыларына алғыс білдіріп,  маңызды тақырыпты талқылауда сәттілік тіледі. Сондай ақ, партия хатшысы қазақ тілді ортаға  шет тілдерінің кейбір сөздерінінің енуі бүгінгі күні қалыпты жағдайға айналғандығын айтты. «Таза қазақ тілінде сөйлейтін азаматтарымыз орыс, ағылшын тілдерінің кейбір сөздерін қосып сөйлеу дағдыға айналды. Бұлда бәрімізді ойландыруы керек»,- деді  Шолпан Таңатқызы жиын барысында.

Санкт-Петербург қаласынан тікелей байланысқа шыққан филология ғылымдарының кандидаты Татьяна Трифонова қостілді балалардың сөйлеуін дамыту тақырыбын қозғаса, Хельсинки университетінің профессоры Екатерина Протасова көптілділік пен көпмәдениетті зерттеудегі нәтижесімен бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысуышлар қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу перспективаларына қатысты ұсыныстарын айтты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

39 медаль: Душанбеде өткен сайыста жас шахматшылар топ жарды

Душанбеде өткен Батыс Азия чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар 39 медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика