spot_img
Жұма, Сәуір 25, 2025
19.8 C
Kokshetau

Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жаңа оқу жылына қабылдау науқанын ресми түрде бастады. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жаров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Спикердің айтуынша құжаттар онлайн форматта – арнайы «Admission» жүйесі арқылы 25 маусымға дейін қабылданады. Академия – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге мүдделі, кәсіби деңгейін көтергісі келетін мамандар үшін бірегей оқу орны. Биылғы жылы Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша тыңдаушыларды қабылдайды. Оның 9-ы – магистратура, ал 3-і – докторантура бағдарламаларына арналған.
«Бағдарламалар мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, экономика, өңірлік даму, адам ресурстарын басқару және мемлекеттік саясат сияқты маңызды бағыттарды қамтиды», деп толықтырды спикер.
Биылғы науқанның ең басты жаңалығы – «Цифрлық мемлекеттік басқару» (MDPA) атты жаңа магистратура бағдарламасының іске қосылуы. Бұл бағдарлама цифрлық шешімдер мен трансформацияны тиімді басқаруға бағытталған және кемінде үш жылдық мемлекеттік қызмет өтілі бар, цифрлық салада жұмыс істейтін үміткерлерге арналған.
«Магистратураға түсушілер үшін еңбек өтіліне қойылатын талаптар да артты: енді жалпы бағдарлама үшін – 3 жыл, ал «MPA» үшін – 5 жыл, «MPP» үшін – 4 жыл қызмет өтілі қажет», деді Ержан Жаров.
Биылғы жылы ақылы оқуға қабылдау шарттары да кеңейтілді. Енді мемлекеттік қызметшілермен қатар, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері де Академияда білім ала алады. Барлық бағдарламаға нақты кәсіби талаптар енгізілген, бұл – сапалы іріктеу жүргізіп, білім алушылардың тиімді даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған қадам.
Талапкерлерден жеке куәлік, диплом көшірмесі, мемлекеттік тілді меңгеру туралы сертификат (QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ), халықаралық тіл сертификаты (кейбір бағдарламалар үшін), еңбек қызметін растайтын құжат және жолдама (грантқа өтініш бергендер үшін) сұралады. Докторантура үміткерлері ғылыми-зерттеу жоспарын да ұсынуы керек.
«Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – онлайн форматта аналитикалық эссе жазу (28 маусым – 1 шілде). Екінші кезең – офлайн сұхбат, ол 8–23 шілде аралығында Академия ғимаратында өтеді» деді спикер.
Аралық нәтижелер 25 шілдеде жарияланады, ал келісімшарттар 7 тамызға дейін рәсімделуі тиіс. Оқу 1 қыркүйекте басталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр

2025 жылы Қазақстан ауқымды статистикалық науқанға – ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр. Бұл маңызды шара алдағы жылдары аграрлық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика