spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 28, 2025
24.2 C
Kokshetau

Атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету саласы

Сондай-ақ...оқыңыз

Берешекті өндіріп алу туралысотактісінмәжбүрлепорындаудыңтиімдіәдістерініңбіріатқарушылыққұжаттыңорындалуынқамтамасыз ету шарасы болып табылады.

Бұлшарасоторындаушысыныңқаулысыменқозғалғанатқарушылық іс жүргізу шеңберіндеқолданылады.

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар мыналар болып табылады:

– борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу;

– борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу;

– борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы мүлкін алып қою;

– борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкiн алып қою;

– борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;

– борышкердiң оған меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi, оның iшiнде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгiлеген шекте пайдалануға нұсқау беру;

– борышкер мүлкiн мөрлеу;

– құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою;

– басқа адамдардың борышкерге мүлiк, оның iшiнде ақша беруiне немесе оған қатысты өзге де іс-әрекеттерді орындауына тыйым салу.

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау сот орындаушысының міндеті болып табылады.

Мәжбүрлепорындаушараларының күшін жоюЗаңның47және48-баптарымен реттеледі.

Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жатады. Алайда, өндіріп алушының өндіріп алудан бас тартуына; тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісімін жасауына; тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауына байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда; атқарушылық құжат орындалғаннан кейін атқарушылық санкциясы, орындау жөніндегі шығыстар, өсімпұлдар және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттың өзге де талабын толық көлемде өндіріп алу немесе орындау арқылы орындауды қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріп алынғаннан кейін ғана жойылуға жатады.

Сонымен бірге, Заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп орындату шараларының күші мынадай жағдайларда: егер атқарушылық құжат өндіріп алушының өтініші бойынша өндіріп алушыға қайтарылса және бұл ретте өндіріп алушы орындау бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленсе; атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі аяқталғанда жойылуға жатады.

Бұл шара атқарушылық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған және атқарушылық іс жүргізу барысында азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қалпына келтіру мен қорғаудың кепілдіктерінің бірі болып табылады.

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

сот орындаушылардың

қызметін реттеу және бақылау

бөлімінің бас маманы  Ж. Хусаинова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық студент АҚШ-та тағылымдамадан өтпек: Халықаралық жетістік – жүйелі еңбектің нәтижесі

 «Digital Agroleaders 2025» студенттік байқауы – Қазақстанның аграрлық саласындағы болашақ көшбасшыларын анықтауға бағытталған бірегей платформа. Байқауда еліміздің әр өңірінен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика