spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
12.2 C
Kokshetau

Қытай Халық Республикасы Чжэцзян провинциясының кәсіпкерлер делегациясы Ақмола облысына сапармен келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясынан келген кәсіпкерлер делегациясы өңір әкімдігінің шақыруымен іссапармен келді. Сапардың басты мақсаты – инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.

Көкшетау қаласында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов делегация өкілдерімен өнеркәсіп, электронды коммерция және логистика саласындағы бірқатар жобаларды талқылады.

Чжэцзян – Қытайдың маңызды провинцияларының бірі. Астанасы – Ханчжоу қаласы, мұнда Alibaba, DingTalk сынды әлемге әйгілі технологиялық алыптардың бас кеңселері орналасқан. Сонымен қатар, бұл өңір – шетелге инвестиция салатын ірі жеке компаниялары ең көп шоғырланған Қытай провинциясы.

Қытайлық тарап Транскаспий дәлізінің Орта коридоры аясында өңірдің инфрақұрылымын пайдалануға қызығушылық танытты. Кездесу барысында республикалық маңызы бар “Aqmola” индустриялық аймағына ерекше назар аударылып, делегация бұл аумақты жоғары бағалап, өндіріс орындарын орналастыру үшін әлеуетті нысан ретінде қарастыруда.

Әкімдік шетелдік компаниялар үшін Қазақстанда қарастырылған инвестициялық преференциялар мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруға дайын екенін жеткізді.

Тараптар бауырлас өңірлер форматында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруға ниетті екендерін білдірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика