spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
9.7 C
Kokshetau

Ғашықтар күніне орай жастармен кездесу өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы және «Сенімен болашақ» РҚБ Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесе, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай, «Махаббат мәдениеті» атты жастармен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасындағы махаббат мәдениетінің негізінде жатқан этикалық принциптер мен құндылықтарды ақпараттандыру және талқылау болып табылады.

Іс-шараға «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ Ақмола облысы филиалының басшысы – Айгүл Қайратқызы Нұрмағанбетова, аталған бірлестіктің психологы – Сәуле Мұратқызы Исаева, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі» РММ аға маман (нұсқаушы) психологы, ефрейтор – Асет Маратұлы Ахметов, Көкшетау қаласындағы «Әкелер Одағы» РҚБ филиалының төрағасы – Алмасбег Бекзан,  Көкшетау қаласының ЖОО мен ТжКБ студентері, 5510 әскери бөлімнің сарбаздары, жұмысшы жастар және ұйымдастырушылардан құралған 80-нен астам адам қатысты.

Шара барысында отбасылық құндылықтар, махаббатың берік болуы, баянды бақытқа жету жолдары сияқты тақырыптар тарқатылып, жастармен диалог алаңы өткізілді.

«Адамның таңдауы қалай болса келешегі де сондай болады. Мысалға таңдаған жарың қандай жағдай болса да, жақсысы бар жаманы бар, сені қолдап жүрсе онда бұдан артық бақыт жоқ. Адам отбасы болар алдында дайындалу керек. Себебі, отбасы – сыйластық пен тыныштық, махаббат, бірлік орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю-отбасыдан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы бастауы. Ал бұл дегеніміз екі жақтан да жауапкершілікті талап ететін ең маңызды кезең» – деп, қалалық «Әкелер Одағы» РҚБ филиалының төрағасы Алмасбег Бекзан сөз кезегінде тоқталып кетті.

«Бүгінгі іс-шарамыз жастар үшін өте пайдалы деп санаймын. Өйткені өкінішке орай, көп жағдайда жар таңдаудан қателесуден не болмаса сенімсіздіктен отбасы құруды кейінгі уақытқа шегертіп жүрген жастар қатары баршылық. Осындай маңызды мәселерді спикерлермен талқылап, жастармен бөлісуде» – дейді өз сөзінде облыстық жастар-ресурстық орталығының бөлім басшысы Мақпал Жанарисова.

Шара соңында жастар сұрақтарын қойып, сапалы жауап алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика