spot_img
Сейсенбі, Сәуір 15, 2025
7.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында өрт қаупі жоғары кезеңде бақылау күшейтілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері бір орман өрті және 44 шөп жану оқиғасы тіркелді. Жалпы өрт шалған аумақ 689,31 гектарды құрады. Маусым салыстырмалы түрде тыныш өтсе де, төтенше жағдайлар қызметі кез келген жағдайға дайын болу үшін жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Досбол Жақсыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Өрттің алдын алу және өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы халыққа түсіндіру үшін өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 78 материал жарық көрді.
«Жаңа өрт маусымының алдында ТЖ департаменті жағдай ушығатын болса, іске қосылатын күштер мен құралдардың нақты тізімін бекітті. Жалпы саны 1000-нан астам адам және 262 техника кез келген сәтте оқиға орнына жіберілуге дайын. Олардың қатарында ТЖД, полиция, табиғи ресурстар басқармасы, әскери бөлімдер, жергілікті атқарушы органдар, теміржол және жол қызметінің өкілдері бар. Сонымен қатар, облыста 6 өрт пойызы бар, бұл әсіресе теміржол инфрақұрылымын қорғауда маңызды», – деді спикер.
Өртпен күресте ерікті жасақтардың үлесі зор. Қазіргі таңда өңірде 1000-нан астам адамнан құралған 210 ерікті жасақ жұмыс істейді. Бұған қоса, 51 жергілікті атқарушы органның өрт сөндіру бекеті бар. Олар алыс ауылдарда және елді мекендерде өрттің алғашқы белгілері байқалған сәтте жылдам әрекет етуге тиіс.
Өрт ошақтарын ерте анықтау үшін спутниктік мониторинг қолданылады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ апталық болжаммен бірге өрт қаупі индексінің картасын ұсынады. mchs.gharysh.kz геопорталы арқылы орман қоры, су көздері, өрт бөлімшелері мен эвакуациялық бекеттер сияқты маңызды нысандарды, сондай-ақ нақты жағдайды қадағалауға болады. Мұндай цифрлық жүйе төтенше жағдайларда шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жергілікті жерлерде жағдайды 108 мобильді топ бақылайды. Бұл – орман және дала алқаптарын, демалыс орындарын патрульдейтін 425 қызметкер. 22 рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың бес фактісі анықталды. Үш азаматқа ескерту жасалды, ал екеуі 78 640 теңге көлемінде айыппұл төледі.
«Алдын алудың басты шарты – әр адамның жеке жауапкершілігі. Дала иесі, турист немесе бағбан — бәрі бірдей абай болуға міндетті. Бір ғана бейқам әрекеттен үлкен өрт туындап, оның зардабын болжау қиын болуы мүмкін. Жер жырту, құрғақ шөпті қауіпсіз жағу, ыстық әрі желді күні от жақпау, қоқысты уақтылы тазарту сияқты қарапайым ережелер көптеген гектар жерді және талай адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін», – деп түйіндеді маман.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дені сау жастар – мықты ұлттың кепілі

Дене тәрбиесі мен спорт – ұлт денсаулығының тірегі. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және кешенді түрде жүргізіліп келеді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img