spot_img
Сейсенбі, Сәуір 15, 2025
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Жақсы және Жарқайың аудандарындағы су тасқынына қарсы шараларды тексерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Жақсы және Жарқайың аудандарында болды. Сапар барысында өңір басшысы су тасқыны жағдайын бақылауға, бөгеттердің жай-күйіне және жол инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударды.

Жақсы ауданына қарасты Жаңа Қима ауылында облыс әкімі ұзындығы 300 метр, биіктігі 2–3 метр болатын жасанды бөгетті аралап көрді. Аудан әкімі Алмагүл Қадралинаның айтуынша, өткен жылы жазда ұзындығы 450 метр, биіктігі 6,5 метр болған бұрынғы үйінді нығайтылып, биыл қосымша бекітіліп, бөгеттің биіктігі 7 метрге жеткізілген. Сонымен қатар, инертті материал салынған 14,3 мың қап төселген.

«Аудандағы су тасқыны жағдайы тұрақты, тұрғын үйлерге су басу қаупі жоқ», – деді аудан әкімі.
Бөгетті бекіту жұмыстарына ауыл тұрғындары да белсене қатысуда.

«Қазір бөгетті нығайту үшін қаптарға құм толтырып жатырмыз. Біз шамамен 50 адамбыз. Еңбегіміз ауылды қорғауға септігін тигізеді деп сенеміз», – деді тұрғын Шынар Машырханова.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасымен «Атбасар – Қима» облыстық маңызы бар автожолының 51–53 шақырымдарындағы зақымданған учаскелерде қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жарқайың ауданында өңір басшысы Державинск қаласы мен Пригородное ауылындағы қорғаныс құрылыстарын қарап, автомобиль көпірінің жағдайымен танысты.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, су тасқынына байланысты ахуал бақылауда. Наурыз айында Гастелло, Пригородное ауылдары мен Державинск аумағында еріген қар суының еркін өтуін қамтамасыз ету мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілген. Алдын ала 42 мың қап инертті материал мен 1000 метр полиэтилен жабыны дайындалған. Су алуы мүмкін деген жер үйінділері қорғау жұмыстары күшейтілген.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстауды және су тасқынына қарсы кешенді шараларды жалғастыруды тапсырды.

📱 t.me/Aqmola_region

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дені сау жастар – мықты ұлттың кепілі

Дене тәрбиесі мен спорт – ұлт денсаулығының тірегі. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және кешенді түрде жүргізіліп келеді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img