spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 14, 2025
14.2 C
Kokshetau

«Ардагерлерді ардақтайық»: «AMANAT» партиясы созылмалы ауруға шалдыққан қарияларға қамқорлық жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы созылмалы ауруы бар қариялар үй жағдайында тегін медициналық тексеруден өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ұйымдастырды.

Қобда аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері Жадыра Сүйіндікованың айтуынша, аудандағы 4012 тұрғын созылмалы ауруға шалдыққан. Олардың арасында ауруханаға өздігінен бара алмайтын адамдар да бар.

«Маған белгіленген аумақта созылмалы ауруға шалдыққан 200 адам есепте тұр. Олар – тұрақты бақылауымызда. Қатерлі ісікке шалдыққан жандарды апта сайын тексереміз. «AMANAT» партиясының филиалы қарияларға үнемі қамқорлық жасап келеді. Партияластармен тығыз байланыста жұмыс істейміз», – деді ол.

Мәселен, созылмалы аурумен ауыратын Валентина Жаренкова есімді азамат бірнеше жылдан бері есепте тұр. Ол қарияларға көрсетілген көмекке дән риза.

«Мен ішек аурулары бойынша 2021 жылы, бас-ми аурулары бойынша 2023 есепке алындым. Қазір 74 жастамын, жүріп-тұруым қиын. Дәрігерлер жағдайымды үнемі бақылап отырады. Қарияларға қамқорлық жасап, үй жағдайында медициналық көмек ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», – деді ол.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады

«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», – Қ.К. Тоқаев, IV...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img