Қоянды ауылынның мектеп-лицейінде «Jas Tulga» атты жастармен маңызды кездесу өткізілді.
Аталмыш шара, жастарға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру және адал еңбекке ынталандыру мақсатында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткінің алдын алу, әлеуметтік мәселелерді шешу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру болып табылады.
Кездесуге «Esbol Qory» қоғамдық қорының төрағасы және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі – Жандос Ақтаев, кәсіби бағдар беруші PhD кандидаты, «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті – Жасұлан Қуандық, облыстық ЖРО басшысы – Дастан Ермеков, аудандық құқық қорғау органдардың өкілдері, мектеп оқушылары мен ауданның белсенді жастары және ұйымдастырушылар қатары қатысты.
Дастан Амангелдіұлы өңірдегі жастар үшін қандай жаңа жобалар мен бастамалар бар екенін таныстырып, волонтерлік қызмет пен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері де көтерілді.
«Esbol Qory» қоғамдық қорының төрағасы – Жандос Берікұлы жастарға нашақорлықтың зияны мен оның салдары туралы баяндады.
Құқық қорғау органдарының өкілдері заң мен тәртіптің сақталуы, жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу шаралары туралы айтып, қатысушыларға заң бұзушылықтың ауыр салдарлары мен есірткінің қоғамға келтіретін зардаптары туралы нақты мысалдар келтірді.
«Нашақорлық – тек жеке адамның ғана емес, қоғам дерті. Біз жас ұрпақты бұл зиянды әдеттен аулақ болуға шақырамыз. Ең бастысы – дұрыс орта қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау», – деді спикер.
Жастардың рөлі мен жауапкершілігі, қоғамдағы белсенділіктің маңыздылығын, еріктілік пен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Жастарға тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар түрлі әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, өз ортасын жақсартуға үлес қосу қажеттігін айта кеткен жөн.
Мамандық таңдау және болашаққа жоспар құру, жастар үшін ең маңызды тақырыптардың бірі.
Аталған бағыт бойынша, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың негізгі қағидалары мен жаңа заманға қажетті кәсіби бағыттар туралы, кәсіби бағдар беруші PhD кандидаты, «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті – Жасұлан Бостандықұлы баяндады.
«Қазіргі нарықта қандай мамандықтар сұранысқа ие? Жастар қай саланы таңдағаны дұрыс? Бұл сұрақтар әрбір түлекті ойландырады. Біздің мақсатымыз – дұрыс таңдау жасауы», – деді спикер.
Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, табысты мамандардың өмірлік тәжірибесімен танысты. Олар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты жауап ала алды.
«Кездесу жастар үшін пайдалы және ынталандырушы болды деп айтқым келеді. Мұндай кездесулер мен форумдар жастарға кәсіби бағыт беріп, болашақта дұрыс қадам жасауға көмектесуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, форум жастар арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу, сондай-ақ қоғамның есірткіге қарсы күрестегі күш-жігерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Іс-шара салауатты өмір салтын қолдаудағы үлкен қадам. Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!» – дейді аудандық ЖРО директорыныңы м.а. Махабат Ирешова.
Шара соңында аудан әкімінің алғыс хаттарымен жас ұрпақтың белсенді өкілдері марапатталды.
Целиноград ауданының
Жастар ресурстық орталығы