spot_img
Дүйсенбі, Шілде 21, 2025
25.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Жеңіс батырлары» атты дөңгелек үстел өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен «Жеңіс батырлары» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – тарихи жадымызды жаңғырту, Ұлы Отан соғысының қаһарман батырларының ерліктерін еске алу және олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа насихаттау болды. Іс-шараның модераторы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Шияп Әлиев болды.

Кездесу соғыс жылдарында қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздікпен басталды. Дөңгелек үстелге Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев, ақсақалдар, жоғары оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары қатысты. Өз сөзінде Сабырхан Кенжебаев соғыс ардагерлерінің есімдері ұрпақтар жадында мәңгі сақталатынын атап өтіп, жастарды бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын түсінуге шақырып, тарихи құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін ерекше атап өтті.

Жиын барысында қатысушылар батырларымыздың өмір жолдары мен майдандағы ерліктері туралы мазмұнды баяндамалар тыңдап, тарихи маңызы зор мәселелерді талқылады.

Спикерлер ретінде Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Дахан Шоқширұлы мен Дуанбай Кәзібайұлы сөз сөйледі. Дахан Шоқширұлы сол жылдардағы ардагерлердің ерен ерліктеріне тоқталса, Дуанбай Кәзібайұлы соғыстың ауыртпалығы мен ардагерлердің қайсарлығы туралы баяндады.

Осындай іс-шаралар жастардың бойында патриотизмді, азаматтық белсенділікті, соғыс ардагерлерінің ерліктеріне деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбек адамы – басты назарда: AMANAT партиясы металлургтерді құттықтады

Кәсіби мереке – Металлургтер күні қарсаңында «AMANAT» партиясы ел бойынша металлургия саласындағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен салтанатты кездесулер өткізуде. Мұндай...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика