2025 жылғы 9 сәуірде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше іс-шара өткізу алаңына айналды. Мұражай мен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің бірлескен жобасы аясында «Ассамблея жастарының» өкілдері «Мұражай экспонаттарындағы соғыс жаңғырығы» шеберлік сабағына және «ҰОС жылдарындағы Ақмола облысы» атты тақырыптық экскурсияға қатысты.
Іс-шараның негізгі бөлігі өткен «XX ғасыр тарихы» залы қатысушыларды соғыс жылдарының атмосферасына енгізгендей болды. XX ғасырдың маңызды оқиғаларына арналған экспозиция сол ауыр жылдардың естелігін сақтайтын түпнұсқа экспонаттарды ұсынды. Жастарға терең әсер қалдырды.
Облыстық мұражайдың экскурсия жетекшісі және «Ақмола облысының орыс қауымдастығының» төрайымының орынбасары Вероника Антипова мұражайдың археология, этнография, палеонтология, соғыс хаттарының тарихы сияқты әртүрлі тақырыптар бойынша шеберлік сабақтарын өткізудегі, сондай-ақ тақырыптық жәрмеңкелер ұйымдастырудағы белсенді жұмысын атап өтті. Бұл көпшілікке өңірдің тарихи және мәдени мұрасына қол тигізуге мүмкіндік береді.
«Мұражай экспонаттарындағы соғыс жаңғырығы» шеберлік сабағы жастар үшін тек танымдық қана емес, сонымен бірге эмоционалды оқиға болды. Ол оларға уақыттар байланысын сезінуге, бейбітшіліктің бағасын және тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде және елінің тарихына құрметпен қарауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мұндай кездесулер ата-бабаларымыздың ерлігін еске салып, бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақыра отырып, ерекше маңызға ие болуда.