Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен ақпараттық акция өткізді.
70-тен астам жасөспірімдер мен қыздар қатысқан шарада АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпараты берілді. Баяндамашы, емдеу-алдын алу бөлімінің психологы- Маргарита Рыбина, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жою бойынша шаралар қабылдаумен қатар, АИТВ мәртебесін білудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Спикердің айтуынша, негізгі хабарлама – жастардың назарын өз денсаулығына аудару, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Орталық психологы аудитория алдында сөйлеген сөзінде: «Осы жылдың үш айында облыс бойынша АИТВ-ның 25 жаңа жағдайы анықталды, оның 72 % – ы жыныстық жолға түседі», – деп бөлісті.
Айта кету керек, біздің кез-келгеніміздің денсаулығымыз оның жағдайы туралы хабардар болудан басталады.
Сондықтан, бұл күні көкшетаулық дәрігерлер барлық тілек білдірушілерге АИТВ-ға жедел әдіспен талдау жасауға мүмкіндік берді, бұл іс-шараға қатысқан балалардың көпшілігі жасады.
Облыс орталығының тұрғындары бұрыннан жақсы көретін мұндай акциялардың ерекшелігі АИТВ-инфекциясы туралы сенімді ақпарат алу, өз тәуекелдерін бағалау және акция өтетін жерде өзінің АИТВ мәртебесін білу мүмкіндігі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, жетінші сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күні аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау мәселелері бойынша бір жылдық ақпараттық науқанды бастайды және «Салауатты өмірдің басталуы – берекелі болашақтың кепілі» ұранымен өтеді, деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.