spot_img
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
18.2 C
Kokshetau

Қазақстан халқы Ассамблесясының құрылғанына отыз жыл

Сондай-ақ...оқыңыз

Автор: Қоғам қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев.

Бүгін (1 наурыз 2025 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Алғыс айту күніне орай Көкшетауда өткізілген шараға қатыстым.
———————————
Қазақстан халқы Ассамблесясының құрылғанына отыз жыл толып отыр. Осы айтулы күнге орай “Достық үйінде” ескерткіш тақта ашылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған құттықтауын салтанатты жиында облыс әкімі Марат Ахметжанов оқып берді.
-Мемлекет басшысының бұл құттықтауы Қазақстанның барлық облыстарында халыққа жеткізіліп жатыр. Біз ақмолалықтар Президентімізге осы құттықтауы мен тілегі үшін ризашылығымызды білдіреміз! Алғысымызды айтамыз! Ақмола облысын мекендеп отырған түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағын жоғары бағалаймыз. Біз мүддесі мен ниеті бір қазақстандықтармыз!,- дей келіп Марат Мұратұлы ақмолалықтарды Алғыс айту және Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Ел бірлігі мен тірлігі үшін абыройлы қызметі үшін бірқатар жандарды Алғыс хатпен марапаттады.
Жиын соңы түрлі этнос өкілдерінің мерекелік шарасына ұласты. Тәуелсіздік алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл қойылды.
Еліміздің бірлігі мен ынтымағы нығая берсін! Біз қазақстандықтар осыған қызмет етуге міндеттіміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика