spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
26.2 C
Kokshetau

Жарқайың ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін ауданда «Алтын жас» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті. Жоба ауданның жас кәсіпкері Саят Кемпіровтің бастамасымен жүзеге асырылды. 2024 жылы ол «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық байқауына қатысып, орталықты ашуға грант жеңіп алды.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында мен осы белсенді ұзақ өмір сүру орталығын аштым. Мұнда аға буын өкілдері тек қарым-қатынас жасап қана қоймай, өз таланттарын ашып, шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылданып, жаңа нәрселерді үйрене алады», – деді орталықтың директоры Саят Кемпіров.

Орталықта түрлі үйірмелер, дене белсенділігі сабақтары, шығармашылық шеберлік курстары және әлеуметтік кездесулер өткізіледі. Сондай-ақ зейнеткерлер үшін медициналық кеңестер бұрышы қарастырылған.

«Біз осындай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Мұнда біз қызықты істермен айналысып, денсаулығымызды нығайта аламыз. Біздің жасымызда бұл ерекше маңызды», – деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы шамамен күніне 20 адам қабылдап, онда 2 маман жұмыс жасайтын болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы: нақты нәтиже мен жаңа жоспарлар

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы ауданның 2025 жылдың алғашқы бес айындағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика