spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 12, 2025
-20.3 C
Kokshetau

«Altyn Qala!» – Ұлттық басылымның бірі!

Сондай-ақ...оқыңыз

Автор : Қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев.

2 ақпан Ұлттық басылым күні аталып өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді”,-деген құттықтауын оқып, мерейіміз өсіп отырған күні, Қазақ елінде тағы бір Ұлттық басылым жарық көріп жатыпты.
Сол күні Ұлттық басылым күніне орай Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың да құттықтауын алып, қуанып отырғанымызда біздің өңірдегі Степногорск қаласында тұңғыш рет ұлттық тілде газет шығып жатыпты.
Және де бір атап өтерлік жай сол, соңғы уақытта облыс әкімі Марат Ахметжановтың тарапынан өнер мен мәдениетке, бұқаралық ақпарат құралдарына деген қолдау мен көмек анық сезіле бастады.
Былтырғы жылы Көкшетауда өткен айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабектің алпыс жылдық мерейтойының шарасында және «Қазақ-Қырғыз» ақындарының айтысының басынан аяғына дейін өзі жүрген Марат Мұратұлы Ахметжановқа осы күндері еліміздің түпкір-түпкіріндегі ақындар мен өнер қайраткерлері әкімге деген ризашылықтарын білдіріп, амандығын сұрап, тілектестіктерін айтып жатады.
Степногрск қаласында қазақ тілінде газет шығарыла басталғандығына әуелі таңқалдық, сосын барып қуандық.
Таңқалғандағы себебіміз, Сарыарқаның күнгей бетіне қала болып орын тепкелі алпыс жылдан асқан Степногорск қаласында қазақ тілінде газет шығады деп мүлдем ойламаппыз.
Степногорск кеңес одағы кезінде жабық қала болса да, аты мен даңқына ертеден қанық едік.
Мәскеудің тікелей қамқорлығында болған қаланың халқы өзгелерге қарағанда бай да, бақуатты өмір сүрді. Алтын, уран өндіреледі, бұдан өзге де құпия өнімдер шығарылатындығын жұрт айтып та жүретін.
Ішер ас-сулары мен киетін киім-кешектеріне, тұрмысқа керекті тұтыну заттарына дейін Мәскеу жабдықтап отыратын Степногроск қаласының халқы өздерін ерекше ұстайтын да еді. Қазақ баласының санын саусақпен санап аларлықтай жағдай болған-ды.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарыныда тәуелсіздік алғанымызда осы Степногоск қаласының сол кездегі депутаттары бар, оларға сырттан орыс сеператистері дем беріп, «Степногорск қаласын бөліп алып, Ресейдің құрамына қаратамыз» деген күштер де шығып, олардың біраз әлекке салғаны да есімізде.
Енді, міне, «Altyn Qala» атты – бұл Степногорск қаласының рухани, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін жан-жақты қамтитын ақпараттық-аналитикалық басылымның алғашқы саны Ұлттық тілде тұңғыш рет жарық көріп, өз оқырмандарының қолына тиіп отыр!
Қазақ болсаң, қуанбай көр кәне! Әрине, қуанымыз! Бұл біздің қасиетті тәуелсіздігіміздің жемісі, соның арқасы!
Бір кездері басшылары мен қосшыларынан бастап, ішер ас-сулары мен тұтынатын заттарына дейін Мәскеудікі болып келген, «біздікі, қазақтікі» дей алмай келген Степногорскіде Ұлттық басылымның жарық көруі қазақ руханиятының жеңісі!
Осы ретте Степногорск қаласының әкімі Гейдар Қабдоллаұлы Қасеновке шын ризамыз!
Жүрген жерінде ұлтының жоғын түгендеп жүретін Гейдар Қабдоллаұлы күні кеше Қосшы қаласының тұңғыш әкімі болған үш-төрт жыл уақыт аралығында қазақ руханиятын жаңа бір сапалы деңгейге көтере алды.
Қосшы қаласының мәдениеті мен өнері Ақмола облысына ғана танымал болып қойған жоқ, бүкіл республика көлеміне танымал болды.
Сол өнерді өрістетудің, мәдениетттің мәйегімен қосшылықтарды сусындата білудің арқасында Қосшы қаласының халқы әр салада арқаланып, шабыттанып еңбек етіп, Қосшы қаласы осы күндері Қазақстанның танымал, өркені өсіп келе жатқан қаланың біріне айналып келеді. Және де мәдениет пен өнер саласының талантты өкілдеріне шынай қамқорлық жасай білді. Өнер және сол өнер иелері елдің мерейін асырды! Өнердің құдыреттілігі де осында!
Бұл арада жалпы қазақ руханиятына, соның ішінде осы Қосшы қаласының мәдениеті мен өнерінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген ақын інім Бауыржан Қарғызұлына шынайы ризашылғымды білдіремін. Жаңағы Гейдар Қасеновтың қолдауымен Қосшы қаласының «Жаңа бастау» газетін де осы Бауыржан бастап жарыққа шығарды.
Енді міне, Степногрск қаласының әкімі Гейдар Қасенов және алаштың талантты ақыны Бауыржан Қарағызұлы екеулеп тағы да жаңа бір Ұлттық басылымды ««Altyn Qala» атты газетті жарқ еткізді!
Құтты болсын! Бұл жалғыз Қараөткел мен Көкшетау өңірінің ғана емес, тұтас қазақ елінің «сүйіншілейтін» қуанышы!
Бар ғұмырымызды осы баспасөз саласымен байланыстырып келе жатқандықтан, көңліме түйген бір жайды, газеттің «үлкен, кішісі» деген болмайтындығын айтар едім. Сондықтан да кез келген газеттің үлкен жауапкершілігі және де бар. Ел алдындағы, халық алдындағы және Тәуелсіздік алдындағы жауапкершілік жүгін біз, газет қызметкерлері ешқашан есімізден шығармауға тиістіміз.
Қазіргі уақытта мына дүниенінің аласапыранды кезінде қазақ елінің бірлігін сақтау, Қазақстанды мекендеп отырған барлық диаспора өкілдерінің ынтымағын жарастыра беру басты міндеттердің бірі деп санаймыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Адал да Әділ Қазақстанды орнықтыру, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасз ету бағытында жүргізіп отырған кең көлемді саясаты мен реформаларын бұқара халыққа жеткізу сияқты парызымыз және де бар. Бұл біздің Тәуелсіздік алдындағы парызымыз!
Қазақта «тыңдаушысы жоқ сөз жетім» деген сөз бар! Сол сиқты оқырманы мен қолдаушысы болмаса, кез келген газет те жетім. Осыны зердемізге түйе отырып, «Altyn Qala» газеті өз оқырмандары мен қолдаушыларынан кемдік көрмесе екен деймін!
Жолың ақ болсын, ««Altyn Qala!» Өзің де, сөзің де алтындай жарқырап, Тәуелсіз еліміздің жырын жырлап, мұңын мұңдап, бүгінгі де және дүниеге келер ұрпақтарымызға да қалдырар сөзің мен өсиетің жұғысты болғай, ақ қағаздағы үнің мәңгілікке жалғаса берсін!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

*Үкімет бірыңғай сағаттық белдеуді енгізу туралы шешімді толықтай қолдайды – Е.Көшербаев*

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img