spot_img
Сәрсенбі, Ақпан 5, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда 200 астам тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы сертификат алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды: мағыналы әрі  сәтті жетістіктер.  24 қаңтар күні «Достар» мәдениет сарайында тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларына сертификаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті. 2024 жылы 277 адам «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша қорытынды емтихандарды сәтті тапсырды. Оның 193-і мемлекеттік тілді, ал 84-і ағылшын тілін оқыту курсын аяқтады.

Сертификат алушылардың арасында мемлекеттік органдардың, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері мен қала тұрғындары бар.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы К. Ә. Уразбаева қатысушыларды алған білімдерінің маңыздылығын атап өтіп, курстардың сәтті аяқталуымен құттықтады.

– Алған білімдеріңізді өмірде табысты қолдануға тілектеспін.  Сіздердің алдарыңызда мансаптық өсу, жеке және кәсіби жетістіктер, сондай-ақ әртүрлі мәдениеттерді тереңірек түсіну және құрметтеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылсын. Сіздердің тәжірибелеріңіз қаланың дамуына, адамдар арасындағы тілдік байланысты нығайтуға  және мәдени мұраны сақтауға үлес қосатынына сенімдімін, – деп атап өтті Күнім Әбдісалыққызы.

Аталмыш күні қала әкімінің мемлекеттік тілді танымал етіп, насихаттауға елеулі үлес қосқан бір қатар белсенділер  тобына алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара соңында Тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары туған өлкесіне арналған өлеңдерін мемлекеттік тілде оқып, «Достар» мәдениет сарайының әртістері концерттік бағдарлама ұсынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен бүгін Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындап бердім

Автор: Қоғам қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев. Бұл – ірі инфрақұрылым жобалары, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img