spot_img
Сәрсенбі, Ақпан 5, 2025
-16.5 C
Kokshetau

Тілдерді оқыту орталығы: Қазақстан Республикасының тіл саясатын табысты іске асыруға қадам

Сондай-ақ...оқыңыз

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынады.

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік органдардың, бюджеттік ведомстволардың қызметкерлері мен қала тұрғындары үшін мемлекеттік және ағылшын тілдері бойынша оқыту курстары өткізіледі.

Мемлекеттік тілді оқыту үш деңгейде жүзеге асырылады: бастауыш, базалық және жоғары. Орталық компьютерлік және мультимедиялық сыныптарды қоса алғанда, тілдерді тиімді меңгеруге ықпал ететін заманауи оқыту құралдарымен жабдықталған. VIRBO,  WIZER.me және WordWall сияқты білім беру платформалары мен мобильді қосымшаларды пайдалану, оқу процесіне қызығушылықты айтарлықтай арттырады. Бұл технологиялар дәстүрлі интерактивті тақтаны смартфонмен ауыстыруға мүмкіндік беріп,  оқытуды қол жетімді және ыңғайлы етеді.

Мемлекеттік тілді тереңдеткісі келетіндер үшін «Сөйле KZ» тіл клубы жұмыс істеп, қатысушылар тірі қарым-қатынас арқылы сөйлеу дағдыларын дамыта алады. Сондай-ақ, Орталықта мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған конкурстар, ашық сабақтар және әдеби-танымдық кештер үнемі өткізіліп тұрады.

Соңғы үш жылда Орталық 535 мемлекеттік тілді және 236 ағылшын тілін меңгерген  тыңдаушыны оқытып шығарды. 2024 жылы 706 адам оқумен қамтылып, оның 168-і мемлекеттік және 538-і азаматтық қызметкерлер. Тыңдаушылардың 193-і толық курсты аяқтап, жоғары білім деңгейіне жетіп, оларға  мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге және құжаттаманы жүргізуге мүмкіндік береді. 84 тыңдаушы ағылшын тілін оқыту курсын сәтті аяқтады.

Желтоқсан айында «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша қорытынды емтихандар өтті. Олардың нәтижелері бойынша Мемлекеттік тіл курсын 193 және ағылшын тілі курсын 84 тыңдаушы сәтті аяқтап,  қаңтар айында  тиісті сертификаттар алады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі жаңа курстарға қабылдау жалғасуда, бұл барлық тілек білдірушілерге тілдік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Гүлдана Есмурзина,   «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен бүгін Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындап бердім

Автор: Қоғам қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев. Бұл – ірі инфрақұрылым жобалары, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img