spot_img
Сенбі, Шілде 5, 2025
21.2 C
Kokshetau

Мемлекеттік тіл – мүмкіндік тілі: Алена Малькованың үлгі болар жолы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлты бөлек болса да қазақ тілін өз тіліндей меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатары күн өткен сайын өсіп келеді. Мемлекеттік тілді терең меңгеріп қана қоймай оны оқу орны қабырғасында мыңдаған адамға үйретіп жүргендері де баршылық. Солардың бірі Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжінің биология және қазақ тілі пәндерінің оқытушысы Алена Малькова-Солопова көпке үлгі болар  білікті жанның бірі.

Уыздай жас болғанына қарамастан Алена өңірге аса танымал азаматтың бірі. Спорт саласында оны спорт шебері, пауерлифтингтен елдің 13 мәрте және 3 мәрте Азия чемпионы ретінде таниды. Ал облыс орталығының тұрғындары «AMANAT» партиясы жанындағы «Сөйле» сөйлесу клубының оқытушысы ретінде біледі. Мұнымен қоса Алена жақын аралықтан бері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының де мүшесіне айналған. Бірнеше жылдан бері ассамблея жанында мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау жөнінде орталық белсендісі ретінде қызмет етеді. Бір сөзбен айтқанда спортшы, педагог әрі сұлу қыз Аленаның бір басында жұртқа үлгі ететін көптеген қасиеті бар. Ол жерлестерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып тіпті үйретіп те келеді. Әрбір ісіне мұқият жан-тәнімен беріліп кірісетіндіктен оң нәтижеге де тезірек қол жеткізеді.

Биыл Алена Малькова-Солопова Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында қазақ тілін дамыту және халықтар арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтудағы қызметі үшін мемлекеттік награда – «Шапағат» медаліне де ие болған.

Алена қазақ тілін оқуды сонау оқушы кезінен бастапты. Зеренді ауданы Троицк селосының орыс мектебінің белсендісі әрі үздік оқушысы қазақ тілінен нашар баға алуды өзіне ар санайды. Бар күш-жігерімен сабақтан кейін өз еркімен қалып мұғалімімен бірге қосымша қазақ тілін оқып дайындалуға бел буады. Нәтижесі бірден байқалады. 6 сыныпта мемлекеттік тіл бойынша өзінің алғашқы аудандық байқауына қатысуға барады. Бұл жолы жасы бойынша келмегендіктен бірінші орын берілмейді. Бірақ сол кезден бастап мақсаты өр оқушы барлық байқаулар, олимпиадалар мен Абай оқуларынан тек жүлделі орындармен қайтатын болады.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бірінші курсында оқып жүріп те Алена қалалық және облыстық кезеңдерде қарсыластарын қапы қалдырып, тіпті республикалық «Тіл-парасат» байқауынан да жүлделі үшінші орынға қол жеткізеді.

Алена түрлі байқаулар кезіндегі атмосфера оның қиялына қанат бітіріп мемлекеттік тілді үйренуге әрі жетілдіре түсуге жігерлендіре түскенін айтады.  Біртіндеп тілдік білімі артып толыға түскендіктен, Алена оны жоғалтқысы келмей күн өткен сайын жетілдіре беруді мақсат етіпті. Сондықтан нақты ғылымдар факултетін аяқтай сала бірден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі атану үшін филология факултетіне құжаттарын тапсырып жібереді.

Жоғарыдағы құрылыс-технологиялық колледжінде Алена Юрьевна қазақ топтарына биологиядан және қазақ тілінен сабақ береді. Айтуынша жастармен жұмыс істеу оған өте ұнайды. Енді бұрынғы өзі үйренген дағдысымен жастарды да студенттік тілдік байқаулар мен олимпиадаларға  әзірлеуге бар күш-жігерін салады. Балалармен бірге әрбір жеңісті сәттер үшін қуанады.

Осыдан екі жылдай бұрын Алена Малькова-Солопова «Аmanat» партиясы жанындағы «Сөйле» сөйлесу клубында да сабақтар жүргізе бастапты. Осы уақытқа дейін оның курсына жүзге жуық адам өтіп шыққан. Тіпті дәл қазірдің өзінде отыздан астам көкшетаулық Аленаның курстарына қатыса бастаған. Алена Юрьевнаның айтуынша клубтағы тегін сабақтар мемлекеттік тілде ауызекі сөйлеуді нығайтуға бағытталған. Яғни, мұнда ережелер, жалғаулар мен септіктерді жаттап қиналудың қажеті жоқ. Бәрі де іс жүзінде тәжірибе кезінде біртіндеп жаттала береді. Мәселен сабақтардың бірінде дүкенге бару тақырыбы талданады. Сөздер мен сөйлемдерді үйлерінде қайталап келген қатысушылар енді оны тәжірибе тұрғысында пайдалануы тиіс. Сабаққа қатысушылар тобымен бірге жақын маңдағы дүкенге барып тіл үйренген дағдыларын іс жүзінде байқап көреді.

Мұнымен қоса тіл үйренушілер емхана, кинотеатр, музей, филармония және басқа да қоғамдық орындарға барып мемлекеттік тілде үйренген білімін іс жүзінде сынап көреді. Алена тыңдаушыларын кей кездері көшеде де сынап көшедегі жүргіншілермен түрлі тұрмыстық сөздермен сұрақ қойып, жауап алғызады. Ал көшеде өзіне жүгінген өзге ұлт өкілінің қазақша сұрақ қойып сөйлеуге талпынғанына қуанған қазақтар барынша көмегін беріп сұрақтарына жауап береді. Аленаның өзі ойлап тапқан сабақтың мұндай әдісі тыңдаушылардың да тілегіне қарай құрыла береді.

  • Әрине, «Сөйле» клубына алғаш келген әрбір қатысушыға қазақ тіліне орыс оқытушы қыздың сабақ үйретіп жүргені қызығушылығын оятатыны сөзсіз. Мен тәлімгер ретінде олардың ойларын бірден ұғып «Менде бәрі жүзеге асқанда, сізде де бәрі ойдағыдай болуы тиіс» деген түсінік беремін. Жаңадан бастаған тыңдаушыларды барынша жігерлендіріп, өзімнің қалай бастағанымды, қандай қиындықтар болғанын бірақ мойымастан өз туған ауылында қазақы орта болмаса да берілмегімді айтамын. Мұғалімдерім әрдайым көмекке келіп жерлестерім қолдап, ата-анам әрбір жетістіктеріме қуанып бар ақыл-кеңестерін беретін», – дейді Алена Малькова-Солопова.

Бүгінде спорттық жетістіктері өте биік межелерге жеткен Алена бала кезінде мүлде спорттан мүлде қашық болыпты. Тіпті денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабақтарынан босатылған. Тоғызыншы сыныпта кешкі уақыттарда жүгіре бастайды. Әкесінен оған штанга дәнекерлеп беруін өтінеді. Университеттің жаттығу залында жүрген қызды жаттықтырушылардың бірі байқап қалып, оны пауерлифтинг секциясына қатысуға шақырады. Бірінші бетте аса ауыр темірді көтеруге жүрексінген қыз бас тартады. Алайда өз күшін іс жүзінде сынап көруге деген ниет пен қызығушылық жаттығу залынан бір-ақ шығарады.

Алена Қазақстан Республикасының алғашқы қатысқан чемпионатында-ақ спорт шеберлігіне үміткер нормативтерін сәтті орындап жеңіс тұғырына көтеріледі. Өйткені Алена Малькова-Солопова бастаған ісін аяғына жеткізбей қоймайтын төзімділігі мен бірбеткейлік қасиеті бір төбе.

  • Бастысы мақсат пен ниет болса кез-келген тілді үйреніп алуға болады. Әрине, оңай емес. Бірақ жұмсалған күш пен уақыт нәтиже қол жеткізгенде құр босқа кетпегенін түсінесің. Мен өзің туып-өсіп, тіршілік етіп жұмыс істейтін еліңнің тілін еркін меңгеру бұл бізге пайдалануға берілген аса үлкен мүмкіндік деп сенімді түрде айта аламын, – дейді Алена.

Алена Малькова-Солопова Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау орталығының мүшесі ретінде көптеген ісшараларға қатысып, мектеп оқушылары мен студенттермен жиі қарым-қатынас жасайды. Алена, оқытушы ретінде қазақ тілінің жастар арасында танымалдылығы артып келе жатқанын көру жанын рақатқа бөлейтінін айтады.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ,

Ақмола облысы

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика