АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.
Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз.
(Қазақстан халқына Жолдауынан. 2 қыркүйек, 2024 жыл.)
——————————————————————-
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ
ЖЕР АСТЫНА, ШАХТАҒА ТҮСІП, ЖҰМЫСШЫ КЕНШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІМЕН, ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
* * * * * *
Жаратқанның рахымы түскен жер ме дерсіз, Ақмола облысы астықты әрі алтынды өңір! Өткен жылы 6,6 миллион тонна астық өндіріп, республика бойынша алда болды.
Және де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында: “Ақмола облысын үлгі ретінде айтуға болады. Бұл аймақ елорданың «азық-түлік белдеуі» деген атқа лайық екенін дәлелдеді. Биыл облыстың ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімі екі есе өскен. Бұл – өте жақсы нәтиже. Сондықтан, ауқымды ішкі нарығы бар қалалармен шектесетін басқа да аймақтар осы бағытта белсенді жұмыс істеуі керек»,-деп ақмолалық аграршылардың табысына марқайып, ризалықпен атап көрсеткен болатын.
Әлқисса, астықты Ақмола, алтынды да мысқалдап емес, тонналап өндіріп жатқан Қазақстандағы үлкен бір кенді аймақ! Мұны да баса айту керек! Мысалы, былтыр, 2024 жылы ақмолалық кеншілер 15 тонна 975 килограмм алтын өндіріп, жоспарды 112 пайызға жеткізді.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Шортанды ауданындағы Жолымбет алтын кен орнына барып, шахтаға түсіп, 800 метр тереңдікте кен өндіріп жатқан жұмысшы кенішілердің еңбегімен, жағдайымен танысты.
– Президентіміз биылғы жылды қарапайым жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын білесіздер! Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, олардың еңбектерін әрдайым лайықты бағалап отыруды ұдайы айтып келеді,-деп кеншілермен еркін ой бөлісті, пікір алмасты.
Алдағы уақытта өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттырып, соның ішінде қазба байлықтарын өндіруге облыста үлкен мән берілетіндігін, осы салаға инвестиция тарту жыл сайын артып келе жатқандығын, кен өндірісін осы заманғы техника мен технологиямен қамтамамыз ету арқылы еңбек қауіпсізідігі мен қошаған ортаны таза ұстау мәселесі басты назарда болатындығын кеншілердің назарын аударған облыс әкімі Марат Ахметжановтың бұл айтқандарын алтын өндірушілер құптап, ризашылықтарын білдірді.
Ақмола облысының әкімі Жолымбеттің кен шахтасынан жер бетіне көтерілген соң, Степногорск қаласына барып, аймақтағы жұмысшы мамандықтарын дайындап шығаратын бірден бір және білікті оқу орны-Тау-кен коллдежінің жағдайымен танысты. .
Облыс әкімі Марат Ахметжанов оқу орнының лабароторияларымен, олардың жабдықталу жайымен танысты, педагогтармен, оқу шеберлерімен, студенттермен пікірлесіп, жағдайларын егжей-тегжейлі сұрап жатты.
Қазір бұл колледжде 10 (он) мамандық түрлері бойынша 500 (бес жүз) студенттер оқиды.
-Сіздердің бір ұтар жерлеріңіз осы 500 (бес жүз) студенттердің 40 (қырық) пайызы келісім шарт негізінде оқып, білім алып жатқандығында екен. Ертең олар оқу бітіргенен кейін түгел жұмысқа орналасады. Кез-келген оқу орнының міндеті-оқу бітірген әр жас маман жұмыссыз далада қалмауы керек. Презтидентіміз де осыны айтып, талап етіп отыр,-деді Марат Ахметжанов.
«Жас маман» бағдарламасы бойынша 2022 жылы «Алтын-Алмас» акционерлік қоғамы осы колледжге әлеуметтік серіктестік негізінде өндірістік жағдайға ыңғайландырылған лаборатория жабдықтарын сатып алып, студенттердің терең білім алуларына жағдайласып отыр.
-Міне, бұл жақсы қадам, құптарлық іс! Өзге де іргелі кәсіпорындар өздеріне қажетті мамандық иелерін оқу орындарымен бірлесіп дайындап алуға өздері де ынталы болып, көмектесулері керек. Биылғы жыл жұмысшы мамандықтары жылы, бізге қарапайым еңбек адамдарына көрсетілетін құрметті тереңірек айқындап, жұмысшы болуға деген жастарымыздың ынтасын, талап-жігерін арттыра түсері сөзсіз,-деді Марат Ахметжанов.
* * *
R.S. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: “Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек» дейді.
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» — бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы 15 наурызда Атырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтайда.
Біздің халқымыздың да және жастарымыздың да ендігі ұстанымдары осы болуы керек!