«Достар» мәдениет сарайының алаңында оқушылардың қатысуымен көңілді қысқы ойындар өтті! Ұйымдастырушылар балалардың ашық ауада көбірек уақыт өткізулерін, сондай-ақ жағымды керемет эмоцияларға бөленіп, бос уақыттарын пайдалы ұйымдастырып әрі денсаулықтарын нығайтуы үшін бұл күнді барынша қызықты етуге тырысты.
Бүгінгі балаларға арналған көңілді шара «Спорт, балалар және ата-аналар, бұл – ажырамас достар!» сөздерімен ұрандалды. Бұл жай ғана ұранның сөздері емес, балалармен ата-аналарды рухани біріктіріп, бірлік пен өзара қолдау атмосферасын құрды. Спорттық жарыстар барлық қатысушылар үшін нағыз мерекеге айналып, ал эстафетаның тапсырмалары қызықты әрі серпінді өтті. Балалар өздерінің физикалық қабілеттерін ғана емес, командалық рухын да көрсете отырып, ептілікпен, күшпен, тапқырлықпен және жылдамдықпен жарысты.
Қалалық мәдениет бөлімінің бас маманы Ерік Мұратбеков қатысушыларды құттықтап, спорт тек жеңіс қана емес, сонымен қатар командалық өзара іс-қимыл, бір-бірін құрметтеу және ортақ мақсатқа ұмтылу жолындағы маңызды өмір мектебі екенін атап өтті. Жарыстың әділдігін тәжірибелі төрешілер қамтамасыз етіп, бақылады.
Бүгінгі эстафета қызу өтіп, тамаша көрініске айналды! Балалар керемет ептілік және жылдамдықпен жарысып, жеңіске деген ерік-жігері мен батылдығы жанкүйерлерді одан әрі шабыттандыра түсті. Спорттық ойындардан басқа, ұйымдастырушылар балаларға қызықты жұмбақ ойындарын да дайындап, әркімге өзінің тапқырлығын, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Қатысушыларға ең жақсы спорттық қасиеттерін көрсетіп, белсенді қатысқандары үшін сыйлықтар табысталып, ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл күн тек спорт мерекесі ғана емес, сонымен қатар, бір-бірін қолдап, әр сәтке қуанып, бірге жетістікке жетудің маңыздылығының нақты мысалы болды.