spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 9, 2025
-5 C
Kokshetau

Ақмола облысында халыққа әлеуметтік көмек күшейтілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина хабарлады.

-2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 935,9 млн. теңгеге 1 761 отбасы немесе 8 120 адам алды. АӘК орташа мөлшері – 10 460 теңгені құрайды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік кодекске сәйкес АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың орташа табысының 35% деңгейінде, бірақ қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде айқындалады. Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы 1 тоқсанға арналған болжамына сәйкес Ақмола облысы медианалық табыстан АӘК тағайындауға көшпейді (Ақмола облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – ы кедейлік шегі 35 529 теңгені, медианалық табыстан 35% – ы кедейлік шегі 32 571 теңгені құрайды). Инновацияларға қатысты 2025 жылдан бастап учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру басталды, – деп хабарлады Шолпан Салыққызы.

АӘК тағайындау кезінде учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайына жүргізілген тексеру негізінде АӘК көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Бұрын бұл зерттеу қағаз түрінде жүргізілді.

Осылайша, учаскелік комиссиялар үшін тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді автоматтандыру және болдырмау мақсатында FSM social мобильдік қосымшасы әзірленді.

Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді оған енгізеді, алдын ала қорытынды шығарады және учаскелік комиссияның басқа мүшелеріне қол қоюға жібереді.

Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:

– геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);

– жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;

– зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.

 

ЖАО шешімі бойынша әлеуметтік көмек көрсету

2024 жылы 68 мыңға жуық (67 920) мұқтаж азаматтарға 2,2 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде:

– 1797 отбасына дүлей зілзаладан (су тасқынынан) зардап шеккендерге 663 млн теңгеден астам (663 669,8 мың теңге)сомаға 100 АЕК немесе 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

– 821 отбасына дүлей зілзаладан (су тасқынынан) зардап шеккендерге 122,5 млн теңге (122482,7 мың теңге)сомасына мүліктің залалын өтеу бойынша төлем жүргізілді;

– Ұлы Отан соғысының 5 ардагеріне 9 мамырда Жеңіс Күнін мерекелеуге 3 млн. теңге, 15 млн. теңге көлемінде төлем жүргізілді;

– Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне 703 адам 129,7 млн.теңге сомасына 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде төлем алды.

– Отан қорғаушылар күніне орай басқа мемлекеттердің аумағында 366 жауынгерлік іс-қимыл ардагері 33 млн теңгеден астам сомаға (33 874, 5 мың теңге) 25 АЕК (92300 теңге) мөлшерінде төлем алды.

– Қарттар күніне ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен 19 821 зейнеткер 211 млн теңгеден (211 910,5 мың теңге) астам сомаға 2 АЕК (7 384 теңге) – 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде төлем алды.

– 25 663 барлық топтағы мүгедектігі бар адам, оның ішінде мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар күніне орай 2 АЕК (7 384 теңге) – 5 АЕК (18 460 теңге) 291 млн теңгеден (291 711,5 мың теңге) астам сомаға басқа да көптеген төлемдер алды.

Жаңашылдықтарға қатысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Көкшетау қаласында алғаш рет барлық жасы бойынша зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұсынылғанын атап өткім келеді.

Бұл шараны іске асыруға облыстық бюджеттен 376 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді, осыған ұқсас сома қалалық бюджет қаражатынан көзделген.

Сондай-ақ барлық жасы бойынша зейнеткерлерге 2 жылда 1 рет 30 АЕК мөлшерінде санаторий-курорттық емдеу өтеледі. Осы бағытты іске асыруға 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен 1 млрд 126 млн теңге (1126258,2 мың теңге) сомасында қаражат бөлінді, осыған ұқсас сома 2025 жылға арналған қалалық/аудандық бюджет жобасында көзделген, қазіргі уақытта қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу рәсімдері жүріп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Таза ауадағы қысқы ойындар: спорт, тапқырлық және достық мерекесі!

"Достар" мәдениет сарайының алаңында оқушылардың қатысуымен көңілді қысқы ойындар өтті!    Ұйымдастырушылар балалардың ашық ауада көбірек уақыт өткізулерін, сондай-ақ жағымды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img