spot_img
Жексенбі, Желтоқсан 29, 2024
-15.8 C
Kokshetau

«МЕН ҮШІН ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ», – Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде (27 желтоқсан 2024 жыл) бір жылғы, яғни өтіп бара жатқан 2024 жыл ішіндегі қызметі жайлы Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәлидің “Елдігімізді танытқан ерен жыл» атты шолуын оқып шықтым да, Президентіміздің «АНТҚА АДАЛ БОЛУ, СЕРТКЕ БЕРІК БОЛУ-МЕНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗЫМ» және «МЕН ҮШІН ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕТІНДЕ ЕЛІМІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ АМАНДЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ҚОЛДАН КЕЛГЕННІҢ БӘРІН ЖАСАЙМЫН. ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ҚАНШАМА АУЫР БОЛСА ДА, ОДАН ЕШ ҚАЙМЫҚПАЙМЫН» деген адал ниетті сөздері есіме оралғаны бар.
*****************

ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ЖҰЛДЫЗЫ БИІК
* * *

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы атқарған қызметіне сөз жоқ, сүйсінерім де бар, риза юолатыным да бар.
Әлем дүниесінің қазіргідей аласапыранды кезінде «жарғақ құлағы жастыққа тимей» қызмет етіп келе жатқан Президентіміздің елімізді дамыту мен өркендету жолында атқарған істерін былай қоя тұрып, Қазақстанның сыртқы саясатын анықтап, айқындаудағы және нығайтудағы қызметінің аса маңызды екендігін айтқан ләзім.
«Сыртқы саясатта да жемісті жыл болды» делінген шолуда. Бүгінгі геосаяси жағдайды ескерсек, «екі оттың ортасында» отырған Президентіміздің сыртқы жағдайды да әрдайым тікелей өз бақылауында ұстап, өзінің реттеп отыруы өз нәтижесін беріп келе жатқаны анық.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «биыл 23 рет шет мемлекетке сапарлады, 19 халықаралық форум мен саммит жұмысына атсалысты. Халықаралық іс-шаралар аясында өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесті. Сондай-ақ шет мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілерімен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен 84 кездесу өткізді. 22 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. Мемлекет басшыларымен 49 мәрте телефон арқылы сөйлесті».
Міне, Берік Уәли осы деректерді айтады.
Бір жылда 23 мемлекетке сапармен бару, ол тек ел көру мен жер көруді мақсат тұтқандық емес, Мемлекет басшысының әр сапарының мақсаты мен мүддесі анық айқындалып, екі жақты келісім арқылы жүзеге асырылатыны анық.
Тұрақсыз әлемнің нағыз эпицентрінде отыр деуге болатын Қазақстан үшін өзінің тәуелсіздігін, өзінің дербес саясатын, өзінің айтар ойы мен көзқарасын дүние мемлекеттеріне танытып отыруда және айналасындағы Ресей сияқты мемлекеттің басы дауға қалып, жауласып жатқан жағдайда, әлемнің дамыған қуатты елдерінің экономикалық санкциялары сияқты жағдайлар сол әлемнің экономикасын былай қойғанның өзінде, қарым-қатынасына да сызат түсіре бастағаны тағы да анық.
Осы жағдайда Ресейдің де, өзге әлем мемлекеттерінің де Қазақстанды, оның сыртқы саясатын жіті бақылап, тіпті аңдып отыр деуге де болар еді.
Аңдудың соңы кейде ресейлік кейбір саясаткерлер тарапынан арандатушылық әрекеттерге де барып қалатындығын да көріп жүрміз.
Міне, осындай жағдайда, бір жағыңда ашықтан-ашық арандатушы, енді бір жағыңда жымиып қарап отырған көршің барда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрткүл дүниенің 23 мемлекетіне баруы, 19 халықаралық форум мен саммиттерге қатысуы, халықаралық іс-шаралар аясында өзге елдің басшыларымен 27 рет кездесуі, Мемлекет басшыларымен 49 мәрте телефон арқылы сөйлесуі Қазақстанның сыртқы саясатын нығайтуға, абыройын асыруға, Қазақстанның ұстамды да сабырлы және Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сай бейбіт әрі тұрақты дамуына зор ықпал етіп келе жатқандығы да, ықпал ете берері де анық.
2022 жылдың 20 қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 77 сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып отыр. Қауіпсіздік архитектурасы келмеске кетіп барады» дегенін де еске алатын болсақ, «халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып отырғанда» төрткүл дүниенің кез-келген мемлекеттерімен байланыста болу өте қажет.
Өз басым Қазақстанға алыс және жақын шет мемлекеттердің басшылары келіп-кетіп жататындықтарына қуана қараймын әрдайым.
Әлем мемлекеттері басшылары мен халықтарының біздің елге, біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген зор ілтипаттары мен құрметтері мен сенімдері бар екендігіне иланамын.
Әлемдік саясаттың үздік дипломаты ретінде біздің Мемлектіміздің басшысы рейтінгісі әрдайым жоғары тұратыны да анық.
Өйткені, біздің Президентіміз кез-келген мемлекеттің басшыларымен аудармашысыз-ақ емін-еркін кез-келген тілде жатық және анық сөйлесе алады.
Сөйлескенде де, халықаралық жағдайды жетік білетіндігін, адал сөзін айтып, саясатқа аса жетік екендігін таныта біледі. Тоқаевтың бұл қасиетін Әлем таныды!
Шет елден Қазақстанға инвестиция тарту, шет елдік іскер адамдардың Қазақстанға келіп кәсіп жасауларын, озық технология жеткізу, жастарды білікті оқу орындарына білімге сусындату, сауда-саттықты ілгерілету сияқты толып жатқан Қазақстанның мүдделері де мемлекет басшыларының осы барыс-келістері кезінде шешіліп жатары да бар!
Әлем тынышсыз! Дүние үрейге толы!
Осы бір үрпиген үрейлі де дүбірлі дүниенің бір бөлшегі Қазақстан болса, сол Қазақстанның әлемнің дамыған, халқының озық ойлы ұлт болып, болашаққа сеніммен қарайтын, заң мен тәртіп үстемдік ететін, адалдық пен әділдікке негізделген, қуатты да дамыған мемлекет болуына қызмет етіп отырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік саясаттағы жұлдызы биік!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қоянды ауылында «Қоянды-Южная» қосалқы станциясында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Целиноград ауданы Қоянды ауылындағы «Қоянды Южная" қосалқы станциясында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қоянды, Аққайың, Шұбар, Софиевка, Ақжар және Опан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img